дахтары мен данда-рының тікелей ұрпақтары болды. Бұл тұжырымды
археологтар, сондай-ақ сақ уақытындағы халықтың андроновшылар дәуірінің
халқына генетикалық сабақ-тастығын анықтаған, антропологтар да растайды.
Саяси ұйым ғылымда «әскери демократия» деп аталды, ол ру-тайпалық
және әскери-мемлекеттік қатынастардың симбиозы болып табылды.
Археологиялық материалдар сақ қоғамының заттық полярлануын және
саралануын көрнекті сендіреді. Бірақ, бұл теңсіздіктер генеалогиялық
байланыстардың күшті жамылғысымен байла-нысқан және жасырылған
болды. Одан мұрагерлік билеушілер шыққан, «патша тегі» болды. Ал
биліктің идеологиялық негізі оның діни шығу тегі туралы түсінік болды.
Биліктің және билеудің этногенетикалық жүйесін автор Авеста деректерін
талдау мысалында көрсетті.
Патша қорғандарының ескерткіштері
айтылғаннның дәлелі болады. Мысалы, Алматы облысының Ыссы
қаласының жанында барлық әлемде кеңінен белгілі «Алтын адамның»
табылуы. Сақ қоғамында әскери-тайпалық аристократия маңызды роль
атқарды. Халық жиналысының ролі жоғары болды. Халық жиналысы патша
атынан өкілеттілер-ді ұсынды. Бұл сайланған өкілдер көсемдердің билігін
шектей алды. Қоғамдық құрылыс тұрғысында: патронимия (отбасы-рулық
топ), тайпа (бірнеше патро-нимиялық топтан тұратын, көшпелі қоғам),
тайпалар
одағы
(биліктің
протес-танттық
функциялары
және
мемлекеттіліктің бастапқы нысаны бар, бір генеа-логиялық тамыр
тайпаларының конфедерациясы). Бұл енді оған әскери-демо-кратиялық
құрылыс жұмылдырылған, билік пен басқару ұйымы болды. Тайпалық
одақтар әлеуметтік ұйымның жаңа және жоғары типтері болды.
Идеологиялық және әлеуметтік жүйелерге тән құрылымдар: үштік
әкімші-лік-саяси бөлу, үш әскер тобы, үш қоғамдық қабатша және бірінші
атаның үш батыр ұлы. Мысалы: бірінші аталары – Тарғытай және Қолақсай,
көктің қасиетті сыйлары; және Жанарыс, Бекарыс және Ақарыс туралы
генеаология-лық аңыз. Қасиетті сыйлар туралы аңыздың бар болуы
қоғамдық құрылыстың символы болды. Бұл кезде басты даму бағыты
барлық сақтардың шығу тегінің ортақтығын атап көрсетуге, оларға тиесілі
әлеуметтік қатынастардың құдайшыл анықталуын негіздеуге ұмтылу болды.
Достарыңызбен бөлісу: