К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы


 Қоғам және жастар. Салыстыру құрылымдары



Pdf көрінісі
бет10/62
Дата05.12.2022
өлшемі0,99 Mb.
#54888
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62
Байланысты:
Қазақ тілі АЭжБУ (1)

4 Қоғам және жастар. Салыстыру құрылымдары. 
 
Қоғам және жастар 
Ел боламын десең, бесігіңді түзе. 
М.О. Әуезов. 
Жастар – қоғамның негізгі қозғаушы күші. Жастар – елдің, мемлекеттің 
іргетасы. Болашағын ойлайтын ел іргетасының берік болғанын, жастардың 
бәсекеге қабілетті болғанын қалайды. Олардың денсаулығы, білімі, әлеуметтік 
жағдайы, қызығушылығы – бәрі-бәрі назарда болады.
2004 жылы Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік жастар саясаты 
туралы» заң қабылдады. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары: 
қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық 
әлеуетті дамыту, денсаулық сақтау, салауатты өмір салтын ұстану, жұмыспен 
қамту, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту.


11 
Қазақстан Республикасы – жас мемлекет. Тұрғындарының басым бөлігін 
жастар құрайды. Сондықтан да мемлекетте жастарға арналған бағдарламалар 
мен жобалар өте көп. Мұнан бөлек, 2019 жылды Елбасы Н.Ә. Назарбаев 
«Жастар жылы» деп жариялады.
Жастарды жұмыспен қамту мақсатында «Дипломмен ауылға», 
«Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту - 2020», «7-20-25», т.б. 
бағдарламалар іске асырылып келеді.
Табысты еңбек ету үшін сапалы білім алу қажет. Сапалы білім беруге 
бағытталған «Болашақ» халықаралық стипендиясы, «100 жаңа есім» жобасы, 
«Серпін» бағдарламасы, «100 жаңа оқулық» жобасы, т.б. бар.
Тапсырмалар:
4.1.Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз, жазып алыңыз: қозғаушы күш, 
іргетас, бәсекеге қабілетті, қызығушылық, қолжетімді, салауатты өмір 
салтын ұстану, табысты. 
4.2.Мәтіннен септік жалғаулы тіркестерді көшіріп жазыңыз. 
4.3.Мәтінді оқыңыз. 
4.4.Мәтін бойынша сұрақтар құраңыз. 
4.5.«Жас келсе, іске» дегенді қалай түсінесіз, ойыңызды жазыңыз.
4.6.Жастарға арналған бағдарламалардың, жобалардың бірі туралы әңгімелеп 
келіңіз.
4.7.Қоғам және жастар туралы әңгімелеңіз.
4.8. Осы үлгі бойынша «жұмыс, мамандық» сөздерімен сөз тіркестерін 
жасаңыз, сөйлем құрастырыңыз. 
1.
2.
4.9.«Жастар» сөзімен тіркесетін сөздерді тауып, «Жастар және қоғам» 
тақырыбында сөйлем құрастырыңыз. 
А)
ЖАСТАР 
балабақшасы 
саясаты 
фестивалі 
құрама 
командасы 
дәрігері 
сәні 
комитеті 
сыйлығы 
Ә)
ЖАСТАРдың 
құқығы 
мүддесі 
беті 
мақсаты 
парызы 
тәрбиесі 
білімі 
дамуы 
білікті 
бас 
кәсіби 
тәжірибелі
і білімді 
керекті 
жауапты 
маман 


12 
клубы 
қоғамы 
рөлі 
қалауы 
таңдауы 
Екі кестедегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударып, арасындағы 
айырмашылықты көрсетіңіз. 
4.10. Келесі сөздердің орыс тіліндегі баламасын тауып, қолданыңыз: масыл 
болу, ынта, күш-жігер, ұмтылыс, бастама, кепіл. 
4.11.«Молодые люди в любом обществе должны восприниматься не как 
бремья, а как наиболее драгоценный ресурс». (К.Аннан). 
«Именно энергия и инициативность молодых, их устремленность в 
будущее во многом станут залогом успеха наших инициатив».
(Н.Ә.Назарбаев). 
Саяси тұлғалардың сөзіне баға беріңіз. Мүмкін, өзіңіз дамытып, 
нақтылайсыз... 
4.12.Қазіргі қоғамдағы жастардың ең негізгі 5 проблемасын жазыңыз. 
 
4.13. 
Мақал
-
мәтелд
ерді 
пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз. 
а) Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. 
ә) Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет. 
б) Талап – тұлпар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет