К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы



Pdf көрінісі
бет2/62
Дата05.12.2022
өлшемі0,99 Mb.
#54888
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
Қазақ тілі АЭжБУ (1)

 
Алғы сөз 



Ұсынылып отырған оқу құралы жоғары және (немесе)жоғары оқу 
орындарынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазақ тілі» жалпы білім 
беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы бойынша қазақ тілін меңгерудің орта 
деңгейі (В1) бойынша әзірленген. Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту 
халықаралық стандартқа сай деңгейлік, коммуникативтік-бағдарлы оқыту 
әдістемесіне негізделуі қажет. Сондықтан оқу материалдарында қазақ тілін
В-1 деңгейінде оқытуға арналған лексикалық және грамматикалық 
тақырыптар беріліп отыр.
Берілген оқу материалдарында В1-орта деңгейіне арналған сөйлесім, 
оқылым, тыңдалым, жазылым материалдары, мамандықтары бойынша
мәтіндер, грамматикалық тапсырмалар берілген. 
Лексикалық, грамматикалық тақырыптар жаңа типтік бағдарлама 
бойынша жеңілден күрделіге қарай сұрыпталып алынған және грамматиканы 
бекіту мақсатында тыңдалым мен оқылым әрекеттерін дамытуға арналған 
мәтіндерде грамматикалық элементтер берілген. Сұхбаттар мен жағдаяттық 
тапсырмалар студенттердің сөйлесім мен айтылым әрекеттерін дамытуға 
бағытталған. 
Оқу құралында мәтіндер, жекелеген сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер, 
сұхбаттар, өлең жолдарынан үзінділер, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер 
барынша іріктеліп алынды. Оқу материалдары мен тапсырмалар жоғары оқу 
орындарының 
бағдарламасы 
бойынша 
өтілетін 
лексикалық 
және 
грамматикалық тақырыптарға негізделе отырып құрастырылды. 
Сондай-ақ, ұсынылған материалдар қызықты әрі тартымды, танымдық 
мәні бар, күнделікті өмірмен тығыз байланысты сұрыпталып алынған.



1 Жеке тұлға. Зат есімнің септік жүйесі. Қабыса, матаса байланысқан зат 
есімді тіркестер. 
Жеке тұлға 
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша Жеке тұлға – 
Қазақстан Республикасының немесе басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ 
азаматтығы жоқ адам. Яғни, «жеке тұлға» ұғымы «азамат» деген ұғымға тең 
мағынада қолданылады.
Жеке тұлға әлеуметтік қатынастарға түсіп, саналы іс-әрекетке бара 
алады. Ол өзі үшін, өзі өмір сүретін қоғам үшін, өз мемлекеті үшін керек. 
Мұны әр азамат жақсы түсінуі қажет. Нашар материалдан құрылыс нысаны 
салынбайтыны сияқты, жеке тұлға қалыптаспаған елден мемлекет те 
шықпайды. Сондықтан да кез келген мемлекет адамдардың азаматтығына, 
біліміне, денсаулығына аса мән береді. Мемлекет үшін демография да 
маңызды, сәбилердің денсаулығы да, студенттің сапалы білімі де маңызды.
Адамның жеке тұлға болып қалыптасуының негізгі факторы – тәрбие. 
«Тәрбие - тал бесіктен». Жастайынан алған тәрбиесі дұрыс бала дұрыс азамат 
болып шығады. Әсіресе, тірлікті емес, бірлікті артық көретін патриоттық 
тәрбие керек.
Тапсырмалар:
1.1.Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз, жазып алыңыз:
1.2. Мәтінді оқыңыз.
1.3.Екінші абзацты толықтырыңыз. Қандай ақпарат қосар едіңіз? 
1.4.Сұрақтарға жауап жазыңыз: 
 «Жеке тұлға» дегеніміз не? 
 Саналы іс-әрекет дегенге нені жатқызар едіңіз? 
 Адамның өмірі «тал бесіктен жер бесікке дейін» ғана екен. 
Осындағы «тал бесік», «жер бесік» дегенді қалай түсінуге болады? 
 Тәрбие неге тал бесіктен басталады? 
1.5.Мына мақалды қалай түсіндірер едіңіз: 
- Ер азамат белгісі: түзде – мырза, үйде – құл. 
- Сіздің бойыңызда осындай белгі бар ма? 
1.6.Септіктерді еске түсіріңіз. Септік жалғауларының мағыналарына назар 
аударыңыз.
1. Септіктер  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет