15
1-жағдаят. Қанат ертең болатын емтиханды ойлап, әбден мазасы кетті.
Барлық сұрақтарға тыңғылықты дайындалғандай болды. Бірақ көңіліне
сенімсіздік ұялап, мазасыз ойлар бірінен соң бірі тізбектеліп келе берді.
Мазасыздықтан арыла алмаған Қанат өзін жайсыз сезінді.
Қанатқа қандай кеңес берер едіңіздер?
2-жағдаят. Сенің достарың темекі шегеді. Бірақ сенің темекі шеккің
келмейді. Достарың сені темекі шегуге итермелейді. Сен достарыңның
көңілін де қимайсың. Не істер едің?
5.7.Мақалдардың сыңарын табыңыз. Жаттап алыңыз.
1. Дені саудың
1. Көзің ауырса, қолыңды тый.
2. Ішің ауырса, аузыңды тый.
2. Ауырмайтын жол ізде.
3. Ауырып ем іздегенше,
3. жүрекке тиеді
4. Тісі саудың
4. емдеу қиын
5. Аурудың бәрі
5. – іші сау
6. Ескі ауруды
6. – адамның арқауы
7. Ас
7. – жаны сау
Достарыңызбен бөлісу: