К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы



Pdf көрінісі
бет27/62
Дата05.12.2022
өлшемі0,99 Mb.
#54888
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   62
Байланысты:
Қазақ тілі АЭжБУ (1)

Абай Құнанбайұлы 
 
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат 


34 
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, 
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. 
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік 
Ер табылса жарайды қылса сұхбат. 
Кемді күн қызық дәурен тату өткіз
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз. 
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен, 
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз. 
Біреуді көркі бар деп жақсы көрме, 
Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме. 
Әйел жақсы болмайды көркіменен, 
Мінезіне көз жетпей, көңіл бөлме. 
11.10. Тақырып бойынша әңгімелеңіз. 
11.11. Абылай туралы ақпаратты оқып, танысыңыз, пікірлесіңіздер. Сабалақ 
есімді кейіпкердің сыры мен сымбатына тоқталыңыздар. Байдың 
Сабалақты тануы дұрыс па, бұрыс па?
Абылай он екі жасар бала күнінде Сарыарқаға шығып, Атығай, Қарауыл 
деген елдің ішіне келіп, Дәулеткелді байдың жылқысын бақты. "Атың кім?" – 
деп сұрағанға, атым «Сабалақ» - депті. Бай бәйбішесіне айтыпты: 
- Өзге жалшыдай көрме мұны, күте гөр, осы Сабалақ анық сарт емес. Ана 
Оразаулық сарт болса, болар. Көзі алақандай, табаны түйенің табанындай 
жап-жалпақ болып, беті қызыл болып, көзі адамды ішіп-жеп, аузынан суы 
ағып, ессіз-түссіз болып отыра береді. Мынау сабалақтың ешнәрсемен ісі 
жоқ, ойлағаны ғақыл-ой, езу тартып күлмейді, қабағын шытып кейімейді. 
Алты күн, алты түн аш жүрсе де, өз қолымен құйып ас ішпейді. Жерге бір 
отырмайды. Дәнеме табылмаса, сайын далада болса да киімін астына 
шешіп салып отырады. Ұйықтап жатқанда үсті жап-жарық болып тұрады. 
Сыйлап ұстай гөр, қасиеті болып, бір нәрсесіне ұшырап қалап жүрмейік 
дейді.
11.12. Ұлылардан қалған сөз. Мағыналарын түсіндіріңіз. Өз пікіріңізді 
айтыңыз. 
Ақша – қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақытың бәрінен де 
қымбат.(А.В.Суворов) 
Әркім 
өз 
уақытын 
еңбегінің 
көлемімен 
өлшегені- 
ең 
дұрыс 
жол.(В.Г.Белинский) 
Адам баласының қолымен жасалғанның бәрі – уақыт пен төзімнің 
жемісі.(О.Бальзак) 


35 
Уақытты тоқтатар шама бар ма? 
Бәрі өтеді дәуірлер замандарда. 
Менің жаным ашиды мына өмірді, 
Өтпейтіндей көретін адамдарға.(М.Мақатаев) 
11.13. Сөздікпен жұмыс.Төмендегі сөздердің мағынасын түсіндіріңіз, сөйлем 
құрастырыңыз. 
Шымшым, шөкім, бір уыс, сүйем, қарыс, адым, құлаш, табан, аттам, 
тұтам, білек, шынтақелі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет