К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы


 Киім. Сән. Талғам. Сын-бейне үстеулері (әрең, бірте-бірте



Pdf көрінісі
бет28/62
Дата05.12.2022
өлшемі0,99 Mb.
#54888
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62
Байланысты:
Қазақ тілі АЭжБУ (1)

12 Киім. Сән. Талғам. Сын-бейне үстеулері (әрең, бірте-бірте, 
ақырындап), мөлшер үстеулері (біраз, айтарлықтай, бірен-саран). 
 
Киім. Сән. Талғам 
Талғамы жақсының таңдауы жақсы. 
Мақал. 
Адам көркі - шүберек, ағаш көркі – жапырақ. Әр адамның өзіндік киіну 
ерекшелігі бар. Киіну адамның талғамын ғана көрсетпейді, сонымен бірге 
оның мінезі, көңіл-күйі, ұстанымынан да хабардар етеді дейді стилист 
мамандар.
Кейде қызығып киім сатып аламыз, ол киім басқа киімдермен үйлесім 
таппай, гардеробтан орын алып тұрады. Сондықтан әр адамның өзінің базалық 
гардеробы болуы керек. Базалық гардеробқа жататын киімдер бейтарап реңді, 
бір түсті және классикалық пішінді болғаны дұрыс. Сол кезде барлық киімдер 
бір-бірімен жақсы үйлесім табады. Негізгі гардероб адамның күнделікті өмір 
салтына, дене бітіміне қарап қалыптасады.
Көйлектің, шалбардың, жакеттің, белдемшенің тіпті аяқ киімнің де 
базалық гардеробта болуы тиіс түрлері бар.
Сонымен бірге киімдердің түсі де басты назарда болсын. Себебі әр 
адамның өзінің түсі бар. Адам көзінің, шашының, терісінің түсімен 
ерекшеленеді. Бұл – біздің табиғи түсіміз.
Киімде 
бірнеше 
стильдер 
болады: 
классикалық, 
спорттық, 
романтикалық және фольклорлық. Классикалық стильге салыстырмалы 
түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін барлық киім 
түрлері кіреді. Ерлердің классикалық киімдеріне костюм-шалбар немесе тек 
шалбардың өзі, жакет – костюм, ағылшын пальтосы, әйелдердің классикалық 
киіміне жеңді көйлек жакетімен, белдемше кіреді. Спорттық стиль – 
демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы 
киімдер. Спорттық киімдер: күртеше, жейде, әр түрлі ұзындықтағы және әр 
түрлі 
әрленген 
белдемшелер, 
комбинезондар, 
джинсы 
киімдері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет