К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы


«Бәсекеге қабілетті ел қандай болуы керек?». Қалай ойлайсыз?  Жазып келіңіз



Pdf көрінісі
бет41/62
Дата05.12.2022
өлшемі0,99 Mb.
#54888
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   62
Байланысты:
Қазақ тілі АЭжБУ (1)

2.6. «Бәсекеге қабілетті ел қандай болуы керек?». Қалай ойлайсыз? 
Жазып келіңіз. 
 
Сұхбаттар: 
1. 
– Қандай мемлекетті бай деп айтуға болады? 
Менің ойымша, мәдени мұрасы бар елді бай деп айтуға болады. 
– Сонда мемлекет байлығы мәдени мұра ғана ма? 
– Әрине, тек қана мәдени мұраны жатқызуға болмайды. 
– Менің пікірімше, ең басты байлық- бұл халық 
2. 
– Ұлттық байлық дегеніміз не? 
– Ұлттық байлық дегеніміз - бұл жер байлықтары, табиғат, ата-бабаларымыздан 
қалған мұралар. 
– Әрине, дұрыс айтасын. Халық өмірінің деңгейі жоғары болған сайын
мемлекет те соншалықты бай болады. 
Тапсырмалар: 
1.Сұхбаттарды рөлге бөліп оқыңыз, өз репликаңызды қосыңыз. 
 
2.Төмендегі сөздердің мағынасын түсіндіріңіз, сөйлем құрастырыңыз. 
Байлық , көрсеткіш, өндіріс, күш-қуат, тұтынушы, игілік, мұра, ата- баба, құн, 
кепіл
 
2.7. Мәтінді оқыңыз, түсініксіз сөздермен жұмыс жасаңыз. 
 
Ұлттық байлық дегеніміз не? 
Ұлттық байлық дегеніміз – елдің экономикалық күш – қуатының ең 
маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ұлттық байлықты алғаш рет 1664 жылы 
ағылшын экономисі У. Петти есептеп шығарды. Ұлттық байлықты тұңғыш 
бағалау Францияда 1789 жылдан, АҚШ-та 1805 жылдан, Ресейде
1864жылдан жүргізіле бастады.
Экономикалық әдебиеттерде ұлттық байлық деп - еңбекпен 
жасалынатын, өндіріспен тұтыну үшін пайдалынатын материалдық 


52 
игіліктердің қорын айтады. Кейбір экономистер ұлттық байлыққа табиғи 
ресурстарды да қосады. 
Ұлттық байлық негізінен мына салалардан тұрады: 
а) Ата- бабаларымыздың қалдырған мұрасы; 
ә) Табиғатымыз және жер асты байлығымыз;
б) әдеби, тарихи, мәдени мұралар;
Кез-келген мемлекет өзінің ұлттық мұрасын мақтан тұтады. Оның құны - 
сол елдің байлығының кепілі.
Ұлттық байлыққа жеке коллекционердің қолындағы көне заттар да
жатады.
В) Венеция хартиясы бойынша отыз жылдан артық тұрған сәулет 
құрылысы, мекеме, мәдени, ресми, жеке үй, тағы басқалары ұлттық байлыққа 
жатады. 
2.8. Мәтін бойынша жоспар құрастырыңыз. Мазмұнын айтуға 
қолданатын кілт сөздерді таңдаңыз. 
2.9. «Ұлттық» деген сөзбен тіркесетін барлық сөзді атаңыз. Сөйлем 
құрастырыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет