55
Олар - дәрігерлер, кәсіпкерлер, ғалымдар, мұғалімдер, спортшылар, өнер
қайраткерлері, т.б. өнегелі еңбек етіп жүрген адамдар. Аталған жобаға
қатысушылар саны жылдан-жылға артып келе жатыр. Биылғы, 2019 жылы
жалпы тізімде 2100 адам тіркелген.
Тапсырмалар:
4.1. Мәтінді оқыңыз.
4.2. Жаңа сөздермен жұмыс жасаңыз.
4.3. Берілген сөз тіркестермен сөйлемдер құрастырыңыз:
өзекті мәселе, жеке
роман, үлгі боп жүрген адамдар, жобаға қатысушылар, адамның
мүмкіндіктері, жерлестерімізді тану, үлгі ету.
4.4. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз, жауаптарын жазыңыздар.
4.5. Есімшені еске түсіріңіздер. Есімшенің анықтауыштық қызметіндегі
мысалдарды теріп жазыңыздар. мысалы:
көтерілген мәселе.
4.6. Никита Амоскин мен Мыңжылқы Бердіқожаевтармен танысыңыз.
4.7. Тақырып бойынша сұхбат құрастырыңыз.
4.8. «100 жаңа есім» жобасы туралы әңгімелеңіз.
4.9. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: