205
қуылған муһажирлердің ішіп-жемі, жатын орны мәселесі осылайша шешімін
тапты. Әнсарлар муһажир бауырларына төрінен орын беріп, жылы-жұмсағын
алдарына тосты. Иман бірлігі, діндес ағайынгершіліктің жарқын өнегесі еді
бұл. Отанынан алыста, қамкөңіл мұсылмандар үшін мұнан артық сый
болмаса керек-ті. Мәдиналық әнсар о дүниелік болған жағдайда муһажир
бауыры өзге туыстары қатарында мирасқоры саналды. Осы бауырластықты
жария ету арқылы муһажир мұсылмандар қиыншылықтан құтылды.
Мәдиналық әр мұсылман меккелік бауырына дүние-мүліктің тең жартысын
бөліп
беріп меймандостықтың, жомарттықтың, адамгершіліктің шоқтығына
көтерілді.
Мәдиналықтар мұнымен де қарап қалмай, Хазіреті Мұхаммедтің
рұқсатымен құрмалық алқаптарын да бөліспекші болды. Алайда муһажирлер
бұған дейін бақша өсіру, егістік істеріне араласпағандықтан, Пайғамбарымыз
әнсардың бұл ұсынысын құптамайды.
Мәдиналық мұсылмандар болмай жүріп, муһажирлерге жерді тырмалау
және бақша суаруды жүктеп, ақыры жиналған өнімді бауырларымен бөлісуге
көндірді. Пайғамбарлар Сәруары бұл ұсынысқа разылығын білдіріп, келіседі.
Адамзат тарихы небір көштерге куә. Бірақ осыншалық мәнді, көшіп
келгендер мен жергілікті тұрғындар арасындағы
шынайы көңілден шыққан
сүйіспеншілікке негізделген қауышу тарихта бұрын соңды болмаған. Себебі,
бұл көш қасиетті иманды қабылдау, тарату және шын көңілден ақыреттік
сыйды мақсат еткен. Осынау қасиетті қауышу иман қуатын арттырып, көп
ұзамай мұсылмандар бүкіл Арабстанға өздерін мойындатады.
Муһажирлер бастарына қонған баққа масайрамай, шүкірлік етті. Үй-
жайлары, азық-түлігі жеткілікті бола тұра еңбектенудің, тер төгудің амалын
қарастырды.
Имандылықтың негізі де сол, әркім өз әлінше әрекет жасап,
тірлікке араласты. Олар мәдиналық бауырларына салмақ болмаудың жайын
ойластырып, тірліктің көзін іздегендерін пайғамбар хадистерін жаттап,
кейінгілерге жеткізуімен әйгіленген Әбу Хурайраның төмендегі жауабы
аңғартады:
"Мәдиналық мұсылмандар бақшасын баптап, муһажирлер сауданы
қыздырып
қал-қадарынша тер төкті, мен Расулаллаһтың қасынан бір елі
шықпайтынмын. Оның айтқандарын тыңдап, сөзбе-сөз жаттап жүріп,
пайғамбардың ақ батасын алдым."
Достарыңызбен бөлісу: