Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Тұтқындар және олжа бөлісі



Pdf көрінісі
бет147/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

Тұтқындар және олжа бөлісі 
Шайқас біткен соң Бәдірде үш күн аялдаған мұсылмандар Мәдинаның 
жолына түсті. Жолай бір жерде көлеңелемек болып аялдады. Сол жерде 
Аллаһ Елшісі құрайыштан түскен олжаны бөліске салады. Ойсырай жеңілген 
құрайыш мүшріктерінен 150 түйе, 10 ат, қару-жарақ, тері, үй бұйымдары мен 


227
киім-кешек, бағалы мата қалған еді. Бұған қоса жетпіс адам тұтқынға түскен. 
Тұтқындар арасында РасулАлланың әкесінің туған бауыры Аббас, өзінің 
немере бауырлары Уқайл ибн Әбу Тәліп пен Нәуфал ибн Әбдімүттәліп және 
туған қызы Зейнептің күйеуі Әбул Ас ибни әр-Рәби' бар болатын. Мусаб ибн 
Үмәйірдің інісі мүшріктер қолының ту ұстаушысы Әбу Әзиз ибни Үмәйір да 
тұтқынға алынған. Қолға түскендердің қолдары мықтап байланып, қашып 
кетпеуі үшін сақтық жасалды. Хазіреті Омар қарауыл басы болып бекітілді. 
Аббас жасы жағынан ең үлкені болғандықтан қатаң бақылауға алынды. 
Түнде қолының байлауының түйіндері батып, жаны ауырған ол ыңырсиды. 
Көкесі Аббастың даусын жазбай таныған Мұхаммедтің (с.а.у.) көзіне ұйқы 
кірмей, қиналады. Мұны сезген асхабы: 
"Уа, Расулаллаһ! Тынышыңызды алған не?" - деп сұрайды. 
"Аббастың қиналысы мазамды алып, ұйқымды қашырды" - деп жауап 
береді Аллаһ Расулы. Пайғамбардың жолына жанын құрбан етуге даяр 
замандастары Аббастың қолының байлауын шешеді. 
"Аббастың даусы неге естілмей қалды?", - деген сауалына күткен 
жауабын алған соң: "Барлық тұтқындардың байлауын шешіңдер", - деп 
бұйырып сонан соң көз шырымын алады. 
Бәдірден түскен олжадан ардақты Пайғамбарымыз өзіне қолбасшылық 
үлесі ретінде Әбу Жәһилдің түйесі мен Мүнәббих ибн Хажжаждың Зүлфиқар 
аталатын қылышын алады. Кейінірек Зүлфиқарды Хазіреті Әлиге сыйлағаны 
мәлім. Атты әскерге екі-екіден үлес, жаяулар бірер үлес, белгілі себептермен 
Мәдинада қалған сегіз адам мен шейіт болғандарға да тиесілі олжа 
айырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет