232
сезбей қалған жоқ, әрине. Хақ жолының жетекшісі бұл істе де білгірлік
танытып отырған. Әлдебір мунафиқтық амалдан шүбәлана қалса,
күмәндануға себепші болған кісіні тергеуге алған кездері де аз болмаған.
Бірақ өтірікшіге не дауа? Шімірікпестен жалғанды жалпағынан басып жүре
бергендер қатары сиремей-ақ қойған. Жоғарыда баяндалғандай Абдуллаһ ибн
Үбәйдің "Мәдинаға барған соң күштілер дәрменсіздерді ықтырып шығарар"
деген сөзін Хазіреті Зәйд ибн Әркам пайғамбарымызға
айна-қатесіз айтып
келгенде, мунафиқ:
"Ол не сөз? Саған Құранды түсірген Аллаһтың атымен ант етемін, Зәйд
өтірікшінің нақ өзі!" - деп табан астынан жазықсызға жала жауып шыға
келген.
Құран мұны былайша сипаттайды:
"Мунафиқтар саған келгенде
"Сенің хақ Аллаһтың пайғамбары екендігіңе куәміз" дейді. Аллаһ Сенің
пайғамбар екендігіңді біледі. Бұнымен қоса Аллаһ ол мунафиқтардың
Достарыңызбен бөлісу: