Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


*****  265 ХИЖРЕТТІҢ ТӨРТІНШІ



Pdf көрінісі
бет178/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

***** 


265
ХИЖРЕТТІҢ ТӨРТІНШІ 
ЖЫЛЫ 
 
 
 
 
XI ТАРАУ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


266
Р
ӘЖИ' ОҚИҒАСЫ 
Хижреттің төртінші жылы, сафар айы. 
Ухуд шайқасынан соң мұсылмандардың жеңілісін естіп-білген 
айналадағы көрші араб тайпаларынан 
Ислам орталығы Мәдинаға 
шабуылдауды жоспарлағандар болды. Солардың бірі хузайл тайпасы өкілі 
Халид ибн Суфиан еді...Оның жорыққа дайындалып жатқаны туралы хабар 
пайғамбарға жетеді. Расулаллаһ хабардың растығын білу үшін Суффа 
асхабынан Абдуллаһ ибн Үнәйісті жолға аттандырады... Барлаушы-
ұзынқұлақтан жеткен қаңқудың растығын Халид ибн Суфианның өз аузынан 
естиді. Оңтайлы сәтті пайдаланып, ержүрек сахаба Абдуллаһ Халид ибн 
Суфианды өлтіреді. 
Осы оқиғадан соң желіккен жорықшылар бір ауық басылғандай 
болғанмен, мұсылмандарға қарсы ыза-кек күшейе түседі... 
Арам пиғылды дұшпан мұсылмандарға ашықтан ашық қарсы шыға 
алмайтынын аңдаған соң өшпенділікті басудың басқа жолдарын қарастыра 
бастады. Бейкүнә жандардай көрінген бір тайпаның алты адамы пайғамбарға 
келеді. Өздерінің мұсылман екенін айта келіп, олар Аллаһ Елшісіне былайша 
қолқа салады: 
"Уа, Расулаллаһ! Біздің тайпамыз түгелдей Исламға мойын бүрды. Тек 
осы асыл діннің негізгі үкімдерін, ақиқатты үйретер жетекші жоқ. Бірнеше 
сахабаңды бізге мұғалімдікке жіберсең деп өтініш айта келдік". 
Аллаһ Расулы осы бейкүнә көрінген жандардың ұсынысын қабыл 
алып, Мәрсәд ибн Әби Мәрсәд бастаған он асхабын келгендермен бірге 
жолдайды. Иман қызметі үшін білек сыбанып шыққандардың бізге дейін 
аты-жөні жеткендер мыналар: Мәрсәд ибн Әби Мәрсәд, Халид ибн Әби 
Бүхайр, 
Абдуллаһ ибн Тарық, Асым ибн Сабит, Хубайб ибн Адий, Зәйд ибн 
Дәсинна және Муаттиб ибн Үбәйд. 
Ислам ақиқаттарын тарату мақсатымен көңілдері алып-үшқан 
сахабалар Рәжи' аталатын жерге келгенде опасыздыққа душар болады. Жан-
жақтан оқ жауған сәтте ғана олар алданғандықтарын біледі. Мүләйімсіп, 
мүсәпір 
кейіпте 
"мұсылмандықтарын" 
жария 
еткендер 
алдын 
ала 
жоспарлағандарындай 
сахабаларды 
тастап 
кете 
барады. 
Мұсылман 
мүршидтер қашып тауға тығылып, қылыштарымен қорғанған болады. 
Мүшріктер тауды айнала қоршап: 
"Бізге үн-түнсіз берілсеңдер, сендерді өлтірмейміз",- деп айқай салады. 
Мұсылмандар олардың бұл сөзіне мүлдем сенбейді. Асым ибн Сабит: 
"Мен мүшріктердің сөзіне өмір бойы сенбеймін. Кәпірлерге, уаллаһи 
берілмеймін. 
Уа, Аллаһ, Расулыңды біздің жағдайымыздан хабардар ет",-деп дұға 
етті. Сөйтіп жалбарынып тұрып мүшріктерге оқ жаудырды: 
"Өлім-хақ, дүние бос, өткінші. Маңдайға жазылған нәрсе бәрібір 
болады. Адамдар ерте ме, кеш пе Аллаһтың алдына барады. Егер мен


267
сендермен әлім- құрығанша айқаспасам, анам баласыз қалсын!",- деп 
өзін өзі қайрай береді. 
Қаһарман сахаба оғы біткенде найзаман айқасты, найзасы сынғанда
қылышына жармасты. Бірнеше мүшрікті сұлатқан сәттегі соңғы тілегі мынау 
болды: 
"Уа, Аллаһым! Мен сенің хақ дініңді қорғауға тырыстым. Сен де менің 
денемді мүшріктерден қорға". 
Қалған сахабалар да жандәрмен шайқасып жатты. Алайда жүз адамға 
он адамның қайдан әлі келсін. Ақырында жетеуі шейіт болып, үшеуі 
мүшріктердің өлтірмейміз деген сертінен соң өз еріктерімен берілді. Құрбан 
болғандар арасында Асым ибн Сабит те бар еді. Тірі қалғандардың қолдарын 
арттарына матап байлап, Меккеге алып жүрді. Ондағы мақсаттары -
мұсылмандарға тіс қайрап жүрген құрайыштарға сату. Жолай 
Абдуллаһ ибн Тарық қашады, бірақ қолға түсіп қаза болады. Зәйд ибн 
Дәсинна мен Хубайб ибн Адий Меккеде сатылады. 
Асым ибн Сабит Ухудта Сулафа атты мүшрік әйелдің екі ұлын оққа 
ұшырған-ды... Сол қатыгез әйел қаны қарайғаны соншалық, Хазіреті 
Асымның басын қолға түсірсе, оны ойып шарап ішуге серт берген-ді. 
Мүшріктер Асым ибн Сабиттің басын кеспекке әуреленеді. Ғажапты 
қараңыз, өлерінен аз уақыт бұрын: 
"Аллаһым! Мұсылман болған сәттен бері сенің ұлы дініңді, хақ 
жолыңды қорғау үшін жанымды салдым. Бүгін ақырғы күнім. Сен де менің 
денеме (мәйітіме) мүшріктердің қолын тигізе көрме, қорғай көр Жаратқан!" 
деген Асымның дұғасы қабыл болып, басын алуға келген мүшріктер шейіттің 
маңына жолай алмайды. Қайдан пайда болғаны белгісіз, ызыңдаған арадан ол 
маңға аяқ басу мүмкін емес. Ертең алармыз деген оймен жауыз мүшріктер 
кете барады. Алайда сол түні Аллаһтың күдіретімен шелектеп жауған нөсер 
соңы селге ұласып, Асым ибн Сабиттің денесін шайып әкетеді. Таңертең 
келгендер жер сипап аь ұрады. Жаратқан жар болды деген осы! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет