23
жоқ жерден, болмашы сылтаумен тудырып, тұтқиылдан шауып, малын-
мүлкін алып, тіпті әйел, баланы күң, құл ету дағдысы қалыптасқан-ды.
Дұшпандық, қысастық, бітіп болмайтын дау-дамай арта түскен.
Соғыс, қан ағызуға машықтанып, үйреніскендіктері сондай, тиісерге
қара таппаса жоқты-барды сылтау етіп өз іштерінде бірінің етін бірі жеуден
тайсалмайтын. Бұған шайыр Құтамидің:
"Төскейде малымыз, төсекте басымыз қосылған ағайындарымыз - Бәкір
руынан басқа соқтығысарға ешкім болмай қалса, солардың өзіне тарпа бас
салатынбыз", - деп келетін бәйіті куә.
Ежелден ру-ру, тайпа-тайпаға бөлініп өмір сүретін арабтар бір
орталыққа бірігу, бас қосу жайын ол кезде ойлап, бас қатырмады. Осы
себепті Арабстан түбегінде әлеуметтік-мәдени заңдылық жоғалып, соның
салдарынан зорлық-зомбылық, шабуыл-шайқас толастаған емес. Әркім өз
қалауынша тірлік қылатын, мықтының дәурен сүрген кезі еді ол.
Достарыңызбен бөлісу: