Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Адамгершіліктің аты өшкен



Pdf көрінісі
бет17/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

Адамгершіліктің аты өшкен 
Жәһилия кезеңіндегі Арабстанда адамгершілік атаулы жойылған. 
Нәпсіқұмарлық шегіне жетіп, құмар, зинақорлық, маскүнемдік, зұлымдық, 
ұрлық, зорлық, өтірік-өсек кең етек алған. 
Әлі жеткен әлсізге әлімжеттік жасап, ұрып-соғатын, ойына келгенін 
орындататын. Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ, адам өмірі ойыншыққа 
айналған. Күштінің айтқаны - заң, дәрменсіз дымын шығармайды. Адамдар 
мал тәрізді мойындарына қамыт кигізіліп, базарда сатылатын. 
Әйелдердің көрген күні айуаннан төмен. Әсіресе, жас күңдер зорлық-
зомбылықтың құрбаны боп жатты. Қыздарды сату, зинақорлыққа итермелеу 
қалыпты тұрмыс қажетіне айналған. 
Құранда адам атын ластайтын бұл азғындық әрекеттер жөнінде былай 
делінеді: 
"Жалған дүниені ойлап күңдерді, әсіресе, намысын сақтауға 
тырысып баққандарды зинақорлыққа мәжбүрлемеңдер. Зорлықтың 
құрбаны болғандарға Аллаһ - аса кешірімді әрі рақымды" (Нұр сүресі, 
33-аят). 
Надандықтың шегінен шыққаны сол, бір әйел бірнеше еркекпен бірге 
тұра беретін. Онысын үйінің шатырына белгі қадап жария қылатын. 
Өгей шешелер күйеуінің дүние-мүлкімен қоса әкеден балаға мирас боп 
қалатын. 
Шөл даланы мекен еткен арабтардың көбісі қыз баласы дүниеге келсе 
сұмдық санайтын. Әйелі босанған сәтте нәресте қыз болса, ешкімге тіс 
жарып айтпастан, көрсетпестен тірілей көміп тастайтын немесе терең 
құдықтарға лақтырып жіберетін. Бұл істерінің дұрыстығын өздерінше сылтау 
айтып дәлелдеген. 
"Бұлар ертең өскен соң жезөкше болып, ар-намысымызды аяққа 
таптауы мүмкін. Бой жетіп жүзіқара болғанға дейін қанша шығын шығарып, 
асырап-бағу керек. Оған шамамыз да жетпейді", - деп ақталатын. 
Кейде аналарының өздері-ақ босанар күндері таяғанда арнайы шұңқыр 
қаздырып дайындайтын. Сәби қыз болса, туылған сәтте әлгі шұңқырға 
тастап, үстін топырақпен жаба салатын. Бауыр еті - баласын бәледей көріп, 
одан құтылудың ең оңай жолын тапқандарына мәз. 
Дүниеге келген мезетте өлтіре алмаса, бес-алты жасқа келгенде әкелері 
қыздарын әдемі киіндіріп, қонаққа апаратын кісіше сәндеп ертіп шығатын. 
Сол бетімен айдалаға жетектеп апарып, алдын ала дайындалған орға жығып 
салып, шырқырап тырбынғанына қарамастан көміп тастайтын да ештеңе 
болмағандай оралатын. 


22
Ал, баласын өлтіруге қимағандар қалың жүн күпі кигізіп, қыз екенін 
жасырып, ауыл маңынан аулаққа қой, түйе бақтыруға жіберетін. Сөйтіп, 
елдің көзінен тасалап ұстайтын. 
Құран Кәрім арабтар арасында кең таралып, қалыптасқан айуандық 
әдет жайында былайша баяндайды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет