Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет15/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

"Олар 
(кәпірлер) 
өздерінің 
(бір 
тамшы 
судан) 
қалай 
жаратылғанын ұмытып, бізге "Шіріген сүйектерді кім тірілте алады?" 
деп мысал келтірмек болды. (Ей, Расулым!) Оларға былай де: "Оны әу 
баста кім жаратқан болса, қайтадан сол тірілтеді. Бар нәрсенің 
жаратылысын жалғыз Сол ғана (Жаратушы) біледі" (Ясин сүресі, 78-79 
аят). 
Енді біреулері пұтқа табынатын. Халықтың ең көп бөлігін құрайтындар 
да осылар. Тастан, тақтайдан, кейде кәдімгі халуадан өз қолдарымен жасаған 
пұттарына табынып, онысымен де қоймай былай дейтін: 
"Бізді Аллаһқа жақындата түссін деп осыларға табынамыз" (Зумәр 
сүресі, 3-аят). 
Иә, арабтардың көпшілігі қолдарында бар материалдарынан пұт жасап 
алып, жансыз заттардан медет тілейтіндей бейшаралыққа дейін барды. Жер 


19
бетіндегі тәухидтің тұңғыш тұрағы - Бәйтуллаһты (Қағбаны) осы 
нанымдарының көрінісі ретінде сансыз пұттармен толтырған-ды. 
Исламның кәусарымен сусындап, мұсылман болу бақыты бұйырғаннан 
соң күллі әлемге қара қылды қақ жарған әділдігімен әйгілі болған Хазіреті 
Омар жәһилия 
(Аллаһ тарапынан соңғы Пайғамбар жіберілгенге дейінгі надандық жайлаған дәуір)
кезеңінде пұттарға табыну турасында басынан өткен оқиғаларды былайша 
баяндайды: 
"Жәһилия кезеңіндегі екі ісіміз есіме түссе, біреуіне - қайғырып 
жылаймын, екіншісіне - күлемін. Жылайтыным - сол кезде ақымақтығымыз 
сондай, әйелдеріміз қыз туса тыжырынып, қыз баладан құтылғанша асығып, 
бейкүнә, мейірімге мұқтаж шараналарды тірідей көметіндігіміз. Осы 
қылығымыз есіме түссе, жүрегім қан жылайды. 
Күлетінім - пұтқа табынатын едік. Әрқайсысымыздың үйіміздің 
төрінде 
қолдан 
жасаған 
пұттарымыз 
тұратын. 
Соларға 
табынып, 
құрметтейтінбіз. Сапарға шыға қалсақ, пұттарымыздың бейнесін ұннан 
немесе халуадан жасап, өзімізбен бірге алып шығатынбыз. Жол ұзап, 
қарнымыз ашса, табынып, алдында құрдай жорғалаған жансыз халуа-
пұттардан кесіп алып жейтінбіз. Осыдан асқан күлкілі оқиға бар ма енді?". 
Осынша жағдайларға қарамастан, Арабстанда бір кездері Хазіреті 
Ибраһим (а.с.) үндеген тәухид дініне - Аллаһтың бірлігіне сенетіндер де бар 
еді. Қараңғылық, ауа жайылушылыққа мойын бұрмастан, арадан ұзақ уақыт 
өткеніне қарамастан, тәухидті ұстанғандарға Хазіреті Ибраһим (а.с.) 
жолымен жүргендер мағынасында «ханифтер» делінетін. Құран Кәрімде 
"ханиф" 
(Тура, дұрыс. Аллаһтың білдіруімен Ибраһим пайғамбар ұстанған ғибадат ету ғұрыпы)
сөзі Хазіреті 
Ибраһим (а.с.) үшін қолданылған: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет