298
Шаршағанда
бір-біріне
сөзбен
болса
да
қолдау
көрсететін
мұсылмандар бұл жолы да бірін-бірі жігерлендіріп бақты. Оған Абдуллаһ
ибн Рауаханың:
"Аллаһым, сен бізге тура жолды көрсетпеген болсаң, біз садақа беруді,
намаз оқуды қайдан білер едік!
Кәпірлер арамызға бүлік салмақ болып қарсы келгенде сен бізге сабыр,
шыдам бер, аяқ-қолымызға күш-қуат бер!"- деген мағынадағы өлең жолдары
куә.
Мұсылмандар бір сәт тынықпастан күні бойы ор қазумен айналысты.
Аллаһ Расулы шын көңілмен еңбектенген оларға қарап:
"Аллаһым, ақыреттен басқа бақи өмір жоқ. Сен әнсарлар мен
муһажирлерге кешіріммен қарағайсың",- деп оқтын-оқтын дұға етті.
Мұсылмандар да іштей: "Біз өміріміздің соңғы деміне дейін Аллаһ
жолында жиһадта Мұхаммедтің (с.а.у.) жолынан айрылмауға серт бердік",-
десіп көңіл ризалықтарын білдіреді.
Ор қазу ісін тезірек бітіру үшін бас алмай жұмыс істеген
мұсылмандардың қарны тойып тамақ ішуге де мүмкіндіктері жоқ. Баршаның
халі мәлім, Арабстандағы сол жылғы қуаңшылық бәрін де тұралатқан. Тақ-
тұқ жүрек жалғар дәм тапса, соған мәз. Иман
ләззатына тойынғандарды бұл
қиыншылық мойыта қоймаған. Дегенмен жағдай мүшкіл-ді.
Хазіреті Жабир ибн Абдуллаһ Расулаллаһтың қалжыраған түрін көріп
іштей күйзелген де қойған. Кешке үйіне келгенде әйелінен:
"Бүгін Пайғамбарымызды шаршаңқы көрдім, аштық қажытқан болуы
керек. Оның орнында басқа біреу болса мүлде шыдамас еді. Үйде талғажау
етер не бар?"- деп сұрайды.
Әйелі: "Мынау арық лақ пен үш-төрт
уыс арпадан басқа ештеңе
қалмады",- деп жауап берді.
Хазіреті Жабир лақты бауыздап, әйеліне арпадан үн жасауға бұйырды.
Лақтың етін қыш ыдысқа салып таңдырға қойды. Аз ғана үннан қамыр
ашытып, нан жасамақ болады.
Хазіреті Жабир үйінен шығарда әйелі:
Тамақтың аздығын ескертіп, Расулаллаыіен бірге көп кісі ертіп келіп
ұятқа қалмайық деп алдын алды. Хазіреті Жабир Аллаһ Елшісіне келе
салысымен:
"Уа, Расулаллаһ! үйде
азғантай тамақ бар, қасыңа бірнеше кісі алып,
бізден дәм татып жүрек жалғасаңыз",- деп үйіне шақырады.
Аллаһ Елшісі одан:
"Аз дегенің қанша?"- деп сұрайды.
"Үш-төрт уыс арпадан жасалған нан мен бір лақтың еті",-дейді Хазіреті
Жабир.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): "Көп, әрі керемет тағам",- деді де,
"Әйеліңе айт, мен келгенше етті де, нанды да тандырдан шығармасын".
Хазіреті Жабирдің көзінше:
"Уа, жамағат! Жұмысты қоя тұрыңыздар, төрт көзіміз түгел Жабирдің
үйінен дәм татуға барамыз",- деді.
299
Муһажир мен әнсар түгелдей тамаққа жиналды. Сахаба Жабир
сасқалақтап үйіне келген бойда әйеліне:
"Аллаһ жақсылық бергей. Расулаллаһ
барша жамағатты тамаққа
шақырды. Енді не істейміз?"- деді.
Әйелі: "Қанша тамақ бар екенін сұрады ма?"- деді.
Хазіреті Жабир: "Сұраған, айтқанмын". Әйелі: "Қонақтарды сен
шақырдың ба, әлде пайғамбар ма?"
Хазіреті Жабир: "Расулаллаһ (с.а.у.) шақырды".
Әйелі: "Онда бір білгені бар шығар",- дегеннен басқа ештеңе айтпады..
Пайғамбарымыз сахабаларымен бірге Хазіреті Жабирдің үйіне келеді.
"Бөлек-бөлек кіріңдер" деген пайғамбар әмірі бойынша мұсылмандар
он-оннан топталып төрге озды.
Пайғамбарымыз болса ет пен нанның үстінен берекет дұғасын оқыды
да, үй иесі әйелге қарап:
"Етті ожаумен бөлек-бөлек ал, ыдыс тандырда тұра берсін, шығарушы
болма",- деді.
Сонан соң тандырдан өз қолымен нан алып, піскен етті үстіне салып
асхабына бір-бірлеп ұсынды. Шақырылғандар тойып орындарынан тұрғанша
осылай жасады.
Бәрі ас қайырып, орындарынан тұрғанда ет пен нан
азаймаған күйінде тұрған-ды.
Кетерде Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Жабирдің әйеліне:
"Қалған тамақты көрші-қолаңмен бөлісіп жеңіздер. Халық аштықтан
қурап отыр ғой",- деді.
Кейіннен Хазіреті Жабир таңданысын жасыра алмай:
"Аллакгың атымен ант етейін, келген қонақтардың ұзын саны мыңнан
асты. Бәрі тойып орындарынан тұрғанда етіміз ыдыста сол күйі, нанымыз да
бастапқы қалпында тұрғанын көргенде басымды шайқап қала бердім. Қалған
тамақ өзімізге
де, қоңсыларға да молынан жетті",- деген.
Достарыңызбен бөлісу: