Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"Сол уақытта кәпірлер үстеріңнен (жазықтың үстіңгі және шығыс



Pdf көрінісі
бет203/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

"Сол уақытта кәпірлер үстеріңнен (жазықтың үстіңгі және шығыс 
жағынан) және астыңғы жақтан (жазықтың төменгі және батыс 


302
жағынан) сендерге (бастырмалата) келген-ді. Сол кезде көздер аларып, 
жүректер алабүртқан-ды..."(Ахзаб,10) 
Сол тұста Құрайза руы Хүйәй ибн Ахтабты құрайыштарға жолдап, 
Мәдинаға 
түнде 
баса-көктеп 
кіруді 
жоспарлағандарын, 
көмекке 
мүшріктерден 100, ғатафандардан 100 адам жіберулерін сұрайды. Олардың 
сондағы ойы - Мәдинадағы қорғансыз әйел, бала-шағаны басып алу. 
Бұл хабарды естіген мұсылмандар қаланы түнде қорғауға Зәйд ибн 
Харис пен Салама ибн Әсламның басшылығында 500 әскер бөледі. Сарбаздар 
қаланы көше-көше аралап таң атқанша тәкбір айтумен жаңғыртады. Яһуди 
құрайзалар бірнеше рет шабуылдап нәтижесіз оралады. 
Сафияның ерлігі 
Яһуди құрайзалар екінші рет қалаға шабуылдаған тұста он шақты 
дұшпан Хассан ибн Сабиттің үйіне оқ жаудырады. Үйде Пайғамбарымыздың 
тәтесі Хазіреті Сафиямен бірге бірнеше әйел, он шақты бала бар еді. Аяусыз 
дұшпан үйге кірмек болып ұмтыла берген. Хазіреті Сафия төнген қауіпті 
сезіп, өзінің әйел екенін жасыру үшін басына мықтап орамал байлайды да 
қолына ұзын сырық алып үйден шықты. Мысықша басып теріс қарап тұрған 
дүптпан әскерінің арқа тұсынан келген бойда қолындағы сырықпен 
қарақұстан қойып қалып, сұлатып түсіреді. Бір демде тіл тартпай кеткен 
жаудың басын кесіп алып арғы жақтан төніп келген яһудилерге қарай 
лақтырып кеп жібереді. Яһудилер қорқып "Ойбай-ау, бұлардың үйлерінде 
еркек жоқ, әйел бала-шагасы қорғансыз деп еді ғой. Мұнысы несі" деп тым-
тырақай қаша жөнелді. 
Пайғамбарымыздың ор басындагы күзеті 
Бес жүзге жуық сахаба жауынгерлерді Мәдинаға аттандырып, қаланы 
қорғауға бұйрық берген соң пайғамбар Мұхаммед (с.а.у.) ор басындағы 
күзетке тікелей араласты. Әсіресе, дұшпан әскері өте алады деген тар тұста 
түнгі қарауылға өзі тұрды. 
Хазіреті Айша сол кездегі жағдайды былайша әңгімелейді: 
"Расулаллаһ ордың тар тұсын күзетіп тұрып, анда-санда шатырға келіп 
жылынып кететін. Бір келгенінде тоңғаны сондай, қалш-қалш етіп отырды. 
Біраз бойы жылынған соң "Мен жау әскері тек сол тар жерден өтіп кете ме 
деп қорқамын. Бүгін түнде мұсылмандардың біреуі менің орныма қарауыл 
қараса болар еді",- деді. Сол сәтте сырттан аяқ дыбысы естілді. 
"Бұл кім?"- деп дауыстады Расулаллаһ (с.а.у.). Келген адамның Саад 
ибн Әби Уаққас екенін білген соң түнгі күзетті соған тапсырады. 
"Шайқасқа дайындық басталғалы бері мунафиқтар әйел, бала-
шағамызды тастап жөн-жосықсыз бұл жерде жүргеніміз ақылға сыймайды",- 
деп мұсылмандарды жолдан тайдыруға тырысты. Кейбіреулері Аллаһ 
Елшісіне келіп: 
"Үйлеріміз Мәдина қамалының сыртында орналасқан. Айнала 
дуалдары да пәс, дұшпан, ұры-қары түскендей болса...",- деп ор басындағы 
күзеттен кетуге рұқсат сұрайды. 


303
Пайғамбарымыз олардың бір бөлігіне рұқсат етті. 
Негізінде мунафиқтардың көздегендері - нағыз керек тұста саптан 
шығып, мұсылмандардың көңіл-күйінің шырқын бүзу еді. Бұл олардың 
қашаннан дағдыланған әдеттері. Бір топ мунафиқтың пайғамбарымыздан 
кетуге рұқсат сұрағанын көргенде Саад ибн Муаз шыдай алмай: 
"Уа, Расулаллаһ! Рұқсат берме бұларға! Біздің басымызға іс түскенде 
бұлар үнемі тайқып шыға келеді",- деді. 
Сонан соң мунафиқтарға қарап: 
"Қашанғы сендердің айтқандарыңа көнбекпіз? Әлдеқалай қиындық туа 
қалса, бастарыңды ала қашасыңдар",- деді зілмен. Аллаһтан түскен аяттар да 
мунафиқтардың сол мінезін айғақтай түседі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет