304
Болмаған соң Расулаллаһ (с.а.у.) Хазіреті Әлиге рұқсат берді. Өз
қолымен сауытын кигізіп, Зүлфиқарды беліне байлады.
Сәлдесін де орап
берген соң:
"Уа, Раббым! Көкемнің ұлы Үбайда сенің жолында шейіт болды.
Көкем Хамзаны Ухудта шейіт етті. Қасымда қалған жалғыз жақыным Әлиді
сен қорғап, жәрдемші бол. Мені жалғыз қалдырма",- деп дұға етті.
Ержүрек сахаба Әли иманнан күш алған күйі Амрға қарай алшаң
басып, батыл адымдады. Екі жақ та демдерін ішке тартып қарап қалған.
Сауыт киінген Әлидің көзінен басқа жері көрінбейді.
Өзіне жақын
келген ерді тани алмаған Амр:
"Сен кімсің?"-деп сұрады.
Хазіреті Әли: "Мен Әлимін",- деп жауап берді.
Амр мүрты жаңа тебіндеген жас жігіттің атын естігенде мейірленген
жандай:
"Көкелеріңнің арасынан айқасқа сенен үлкенірек біреу табылмады ма?
Мен сенің қаныңды төккім келмейді. Әкең менің ескі досым еді",- деді.
Хазіреті Әли тайсалмай:
"Уаллаһи, мен сенің қаныңды төккім келеді",- деді.
Амр қарқылдап күліп алды да:
«Маған ешкімнің бұлай қарсы келерін ойламап едім» деді де, ашуға
мініп қылышын жарқ еткізіп қынынан суырды.
Хазіреті Әли: "Мен жаяумын, сен ат үстіндесің. Қалай айқаспақпыз?
Сен одан да атыңнан түс",- деді.
Амр жерге секіріп түсіп атын қоя берді де, жүзі қуарып Әлидің қарсы
алдына тұра қалды.
Әли: "Уа, Амр! Сенің құрайыштардан біреумен қарсыласа қалсаң, оның
тілегінің біреуін орындауға уәде бергеніңді естіп едім. Сол рас па!"- деді.
Амр "Иә",- деді.
Әли: "Онда мен сені Аллаһқа және Оның Пайғамбарына иман келтіруге
шақырамын, Исламға мойынсүн",- деді.
Амр: "Маған бұл айтқандарыңның түкке қажеті жоқ. Басқа тілегің бар
ма?"- деді. "Онда сен бізбен шайқасудан бас тарт. Еліңе қайт",- деді Әли.
"Жоқ, мен бұл жолға әбден дайындалып келдім. Өш алғанша басыма
май мен иіссу жақпауға уәде бердім",- деді Амр. "Онда
жекпе-жекке
дайындал",- деді Хазіреті Әли.
Амр тағы да қарқ-қарқ күлді. "Шынымды айтсам, арабтардан менен
қорықпайтын мынадай жаужүрек шығар деген ой түсіме де кірмепті",- деді
таңқалысын жасыра алмай. Онан соң менсінбеген қалпында: "Сен әлі
жассың, көрерің алдыңда. Оның үстіне әкеңмен дос едім. Менімен күресуден
баз кешіп, әлі де кері шегінуіңе болады. Сені өлімге қимай тұрмын",- деді.
Ержүрек Әли ежірейіп: "Бірақ мен сені өлтіргім келеді",-деді. Хазіреті
Әлидің бұл сөзі Амрдың шымбайына қатты батты.
Қылышын сумаң еткізіп
Хазіреті Әлидің қалқанын екіге бөлді. Қылыштың ұшы Хазіреті Әлидің
маңдайын да жырып өтті. Қаһарман сахаба көз ілеспес жылдамдықпен
адымдаған күйі Зүлфиқарды жаудың желке тұсын көздеп бір-ақ рет сілтеді.
305
Азулы дұшпанның
басы бір жаққа домалап, кеудесі гүрс ете қалды. У-шу,
айқай басталды. Хазіреті Әли қол жеткен жеңісті Аллаһтан біліп "Аллаһу
әкбар" деп тәкбір айтты. Хазіреті Расулаллаһ бастаған мужаһидтер "Алаьу
әкбарлатқанда" айнала тегіс жаңғырды.
Достарыңызбен бөлісу: