350
Сахабалар
тартынып қалды, тек Бишр ибн Бәлта бір үзім етті жұтып
қойып еді. Отырған жерінде өңі бозарып, қайтыс боп кетеді.
Пайғамбарларды өлтірумен даңқтары асқан, әсіресе,
адамды улап
өлтіруде алдарына жан салмайтын яһудилердің бұл жолғы айласы да іске
аспай, масқаралыққа ұрынады. Жабулы қазанды жабулы күйінде қою
пайғамбардың әдетінде жоқ, дереу амалды іске асырушы Зейнепті шақырып,
залымдығының себебін сұрады. Сондағы Зейнептің жауабы:
"Егер сенің пайғамбар екенің рас болса,
саған хабар беріліп, зиян
шекпесіңді білдім. Ал егер пайғамбарлығың жалған болса, онда өзімізді
басқа халықтардың құрығынан құтқарайын дедім".
Кейбір деректерде пайғамбар бірде бір адамға жеке басы үшін кек
сақтамайтындықтан, улап өлтірмек болған Зейнепті кешірген делінеді.
Достарыңызбен бөлісу: