Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Йамама билеушісін Исламға шақыру



Pdf көрінісі
бет231/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

Йамама билеушісін Исламға шақыру 
Йамама билеушісі христиан Хәуза ибн Алиді мұсылмандыққа 
шақырған Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хатын Салит ибн Амр жеткізді. 
"Бисмилләһир-рахманир-рахим. 
Аллаһтың Расулы Мұхаммедтен Хәуза ибн Әлиге! 
Тура жолды таңдағандарға сәлем! 
Уа, билеуші! Менің дінім жақын арада дүниенің шартарабын 
шарлайды. 
Сен де мұсылман бол, тек жақсылыққа қол жеткізесің. Әрі еліңнің 
билігін өзіңе қалдырамын". 
Хәуза бұл шақыруды қабылдай алмайтынын, тағынан тайғысы 
келмейтінін айттып, пайғамбардың елшісінен Аллаһ Расулына хат жазып
қымбат сыйлықтармен қоса беріп жібереді. 
Аллаһ Расулы ел билеушісінің қара басының қамын ойлап барша 
халықты иман кәусарынан мақрұм еткендігі үшін қатты қапаланады. 
Хәуза ибн Әли араға бір жыл салып, күпірліктен арылмаған күйі өліп 
кетеді. 
Осылайша Аллаһ Расулы елшілері арқылы төрткүл дүниеге үндеу 
таратып, екі дүниені қамтамасыз ететін иман атты тылсымнан күллі адамзат 
баласының үлес алғанын қалады... 
Ұлы шақыруды ләм-мим наразылықсыз қабылдаған сол кезеңнің үлкен 
мемлекеті - Хабашстан билеушісі Нәжаши еді. Византия мен Мысыр 
патшасы шақыруды жылы қабылдағанмен дүние салтанатынан бас тартқысы 
келмеді. 
Ал Иран Кисрасы мен Ғассан билеушісі Аллаһ мадақтаған ұлы 
тұлғаның (с.а.у.) хатын аяқ асты етіп, ашуға мінгенмен, бейбақтықты өздері 
тілеп алғандарынан мүлде бейхабар еді. 
ХАЙБАРДЫҢ АЛЫНУЫ 
Хижреттің жетінші жылы. Мухаррам айының соңы. 


343
Хайбар қаласы - Мәдинаның солтүстік-батысында орналасқан, биік әрі 
мықты жеті қамалы бар үлкен қала. 
Ардақты 
Пайғамбарымызбен 
арадағы 
келісімді 
бұзғаны 
үшін 
Мәдинадан қуылған яһудилердің көпшілігі осы жерге қоныстанып, Хайбарды 
үлкен орталыққа айналдырып үлгерген. 
Бұрын да әңгімеленгендей, Мекке мүшріктерінің қолтығына дем бүркіп 
Хәндак шайқасына шығуына себеп болған осы хайбарлық яһудилер еді... 
Онан кейін де құр жатпай, Исламға қарсы үгітті жан-жақтап қыздырған да 
осылар. 
Меккелік 
мүшріктермен 
келісіп, 
Мұхаммед 
(с.а.у.) 
Меккеге 
шабуылдағандай болса, хайбарлықтар Мәдинаға баса-көктеп енуге, ал егер 
мұсылман әскері Хайбарға шапқыншылық жасаса, құрайыш мүшріктері 
Мәдинаны талан-таражға салуға мүдделі деп мәміле жасасқан-ды. Өкінішке 
орай, олардың бұл ұзақ перспективалы жоспарлары Худайбия шартынан соң 
іске аспай қалды. 
Худайбия келісімі арқылы мұсылмаңдар мүшріктердің қаупінен 
уақытша да болса құтылғанмен, Хайбар яһудилерінен сақтанудың жолын да 
қарастырмаса болмас еді. Өйтпеген күнде Исламды өрістету мүмкіндігі 
шектеліп қалады. 
Сондай-ақ арабтардың негізгі сауда нүктесі Шам болатын да, яһудилер 
сол керуен жолының қақ ортасында орналасқан. Бұл да иман ақиқаттарын 
таратуға қойылған тосқауыл. 
Осы себептерге байланысты Хайбарды алу мәселесі муминдердің күн 
тәртібінің өзегіне айналды. 
Аллаһ Тағала да Худайбиядан қайтар жолда сүйікті елшісі Мұхаммедке 
(с.а.у.) аян беріп, "Фәтх" сүресінде Хайбардың мұсылмандар қолына өтетінін 
сүйіншілеген-ді. 
Сөйтіп Аллаһ Елшісінің әмірімен жорыққа әзірлік басталды. 
Муминдерден қорқып Худайбияға барудан қашқан бірталай кісілер 
Хайбардың байлығынан, олжадан дәметіп яһудилермен шайқасқа шығуға 
ниеттенеді. 
Бірақ Пайғамбарымыз бұл жолы ондайларды: 
"Аллаһ жолында, Құран мен иман ақиқаттарын тарату үшін жанын 
пида етуге даяр қаһармандар ғана шықсын. Олжа көздегендер келмесін", - 
деп тыйып тастады. 
Расулаллаһтың осы сөздері жиһад тек Аллаһ үшін, ақиқат жолында 
ұйымдастырылатынын 
аңғартады. 
Жиһадтан 
пайда 
көксеу 

қара 
пиғылдылардың әрекеті. 
Пайғамбар қолы Хайбар мен ғатафандар мекені арасындағы «Рәжи'» 
деген жерде тоқтайды. Мұның себебі, хайбарлықтар ғатафандардан алдын 
ала көмек сұрап, қажет болған жағдайда Ислам әскеріне қарсы бірігіп 
шайқасуға сөз беріскен-ді. Бұл уәдеден Аллаһ Расулының хабары бар 
болатын. Рәжи'ге келген соң Пайғамбарымыз ғатафандарға хабаршы жіберіп: 
"Егер яһудилерге жәрдемдесуден бас тартсаңдар, Хайбарды алған соң сол 


344
жердегі құрма бақшаларының бір жылдық түсімін беремін", - деп ұсыныс 
айтады. Алайда ғатафандар мұны қабылдамайды. 
Ғатафандар хайбарлықтарға көмектесе де алмайды, өйткені жолды 
мұсылман әскері қоршап алған-ды. 
Ғатафандарды осылайша тырп еткізбей қойған соң Ислам әскері 
ақырындап Хайбарға жылжиды. Хайбар қамалының түбіне келгенде түн 
қараңғылығы басқан. Елдің тынышын алып, түнде ойда жоқта басқын жасау 
Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) әдетінде болмағандықтан таң атқанша күтуді 
мақұл көрді. 
Әскерлерге аяқ жазып дем алуға бұйырған Пайғамбарымыз көкке қол 
жайып Аллаһтан медет тіледі. 
"Уа, көктер мен көлеңкедегілердің Раббы - Аллаһым! 
Уа, жерлер мен оның үстіндегілердің Раббы - Аллаһым! 
Уа, шайтандар мен оған ілескендердің Раббы - Аллаһым! 
Уа, желдер мен желге ұшқан бар нәрсенің Раббы - Аллаһым! 
Біз сенен осы қаланың жақсылығын, қала халқының жақсылығын
қаладағы бар нәрсенің ақырының қайырын тілейміз! 
Оның шерінен, жаманшылығынан Саған сиынамыз!" 
Қай жерге барса да Аллаһ Расулы осылай алдымен дұға жасайтын. 
Таң атты. Хайбар халқының егістік алқабына бармақ болып құрал-
сайманын 
арқалап 
қамалдан 
шықпақ 
болғандары 
қалың-нөпір 

мұсылмандарды көргенде сасқалақтап, айқайлап-шулап кетті. Бет-бетімен 
қашып қорғандарын паналады. 
Хайбар күтпеген жағдайға қайран. Өздерін мықты санайтын олар, 
қамал-қорғандарының беріктігіне, қару-жарақтарының молдығына сеніп
арқаны кеңге салатын. Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) Хайбарды алуға шамасы 
келмейді деген ойларын қанағат тұтатын. 
Хайбар халқының тым-тырақай қаша жөнелгенін іштей жақсылыққа 
жорыған қуатты қолбасы - Мұхаммед (с.а.у.): 
"Аллаһу әкбар! 
Хайбар талан. 
Бізден қорқып қашқан дұшпан ақыры жеңіліс табар", - деді. 
Хайбардың алынатынын меңзеген бұл сөздерін үш рет қайталады. 
Хайбарлық яһудилер асып-сасып абыржып, ақыры қамалдың ішінен 
бекініп, шайқасуды шешті. 
Ұрысқа кіретіндер ең мықты қорған Нататқа орналасып, бекінді. Әйел, 
бала-шаға, дүние-мүлік өзге қамалдарда қалды. 
Урысты яһудилер бастады. Ислам әскері Натат қамалының қарсысына 
орналасқан. 
Екі жақ бір-біріне оқ жаудырумен екі күн өтті. Елу шақты сахаба 
жауынгерлер жарақаттанды. 
Екінші күні мұсылман әскері орын ауыстырды. Рәжи' алқабына 
орналасқан олар таңертең Нататқа дейін келіп кеш батқанша қырқысып, 
түнде Рәжи'ге қайтатын. 


345
Сол тұста Аллаһ Елшісі (с.а.у.) қатты бас ауруына шалдығады. Әскерді 
басқаруды Хазіреті Әбу Бәкірге тапсырады. Шайқас қызған үстіне қыза 
түскенмен жеңістің жақындар түрі жоқ. Екінші күні ақ байрақ Хазіреті 
Омарға бұйырады, бірақ жеңіс оған да нәсіп болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет