Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет8/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

 
XVII ТАРАУ 
ХИЖРЕТТІҢ ОНЫНШЫ, ОН БІРІНШІ ЖЫЛДАРЫ 
Алғашқы және соңғы қажылық..........................................................................396 
Пайғамбарымыздың сырқаттануы және дүниеден өтуі...................................400 
Хазіреті Әбу Бәкірдің халифалыққа сайлануы.................................................406 
Пайғамбарымыз үшін қолданылған сипаттар мен атаулар.............................410 
Кейбір атаулардың түсіндірмесі........................................................................411 
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................415 
 
 
 
 


7
А
дамзаттың ардақтысы 
Біз, бәріміз де Құдайдың құлы, Мұхаммедтің (с.а.у.) үмметі 
болғанымыз үшін ерекше шүкіршілік етсек керек?! Біздің пайғамбарымыз 
Аллаһтың соңғы елшісі - ең сүйікті құлы, бүкіл әлемге түсірілген Құран 
кітаптың иесі, олай болса, Мұхаммед те (с.а.у.) - күллі ғаламның пайғамбары 
екендігі даусыз. 
Аллаһтың құдіретімен айрықша жаратылған жанның туғаннан өмірден 
өткенге дейінгі өмірбаянын әрбір мұсылман көкірегіне түйіп, көзінің 
қарашығындай сақтап білсе, нұр үстіне нұр болары хақ. Өйткені мүбарак 
пайғамбарымыз адам баласына аса қажетті екі дүниенің пайдасы мен зиянын 
жібекке тізген меруерттей етіп мөлдіретіп толғап айтқан. Мұхаммедтің 
(с.а.у.) (хадис) - киелі сөздерінің әр лебінен шипа, пенденің ауыр жолына 
тура 
бағыт-бағдар 
сайрап 
тұр. 
Осы 
саладағы 
олқылығымызды 
толтырарлықтай дер кезінде екі том кітап жазған (Мұхаммедтің (с.а.у.) 
өмірбаяны) Дамира Өмірзаққызы Ибрагимге ризамыз. 
Бірінші кітап «Мекке кезеңі» деп аталып, керемет жанның қалай өмірге 
келгені, ата-анасы, туған-туысы кім еді, сол кездегі араб халқының ішкі-
сыртқы жағдайы қалай еді, мұның бәрі аталған еңбекте тұтас қамтылған. 
Ұлы жанның әкесі - Абдуллаһ тумай тұрып қайтыс болса, анасы - 
Әмина алты жасында көз жұмады, содан атасы - Әбдімүттәліптің тәрбиесінде 
өскен. Мұхаммедтің (с.а.у.) ата-бабасында қасиетті жандар көп болған, олар 
сонау Ибраһим (а.с), Ысмайыл (а.с.) секілді ірі тұлғаларды, одан бері Құсай 
мен Әбдімүттәліпті де атар едік. 
Мұхаммедке (с.а.у.) қырық жасында пайғамбарлық қонды, «Құран 
Кәрім» түсті. Бұл ғажайып жағдайлар Дамираның бірінші кітабында табиғи
әдемі суреттелген. Аллаһтың шын сүйген құлына аян келе бастағаннан оның 
қасында болған – жан жары Хадиша еді, ол пайғамбарымызға шын жанымен 
дем беруші, жәрдемші, жанашыр бола білді. 
Ал, екінші кітап «Мәдина кезеңі» деп аталады, пайғамбарымыздың осы 
аталған қалаға орналасуы, Мешіт салуы, Алғашқы азан, Умра сапары, Мута 
шайқасы, Меккенің алынуы, т.б. көптеген келелі мәселелер қарастырылған. 
Осының бәрінде Мұхаммедтің (с.а.у.) терең ақылдылығы, ұстамдылығы, 
кішіпейілділігі, парасаттылығы жан-жақты көрінеді, әр қырынан шебер 
әңгімеленеді. 
Дамираның аталған еңбегі үш мың данамен жарық көрген еді, кітап 
қалай шықты, солай тарап кетті, бұл - жұмыстың құндылығын көрсетеді. 
Енді көпшіліктің ұсынысы бойынша, кітап қайтадан шығып отыр. Алдыңғы 
басылымдағы артық-кем кеткен жерлері түзетіліп, толықтырылып екінші рет 
баспа жүзін көруде. Бұған біз шын жүрегімізбен қуанамыз, бұл біздің елдің 
талғамының өсіп, ой-өрісінің жетілгендігін көрсетеді. 
Бір ескерер мәселе, пайғамбарымыздың «Мұхаммед» деген атының өзі 
жан баласы қызығарлық «мақтаулы» деген мағынаны береді. Бұл жөнінде біз 
сөз етіп отырған кітапта былай делініпті: «Дүниенің сұлтаны - 


8
пайғамбарымыз туылған сәтте атасы Әбдімүттәліп Қағбаның жанында 
Құрайыштың ақсақалдарымен бірге әңгіме-дүкен құрып отырған. Сүйінші 
хабар оған жетті... Торсық шеке немересін құшағына ала салып емірене 
аймалады... Ұлы Әбу Тәліпке ұстатып тұрып: «Осы баланы саған аманат 
еттім, мәртебесі биік, ерекше құрметке бөленетін жан болады»,- деді. 
Шаранаға ат қою құрметі атасына берілді, атасы ойланбастан: 
«Мұхаммед болсын»- деді. Арабтарда жаңа туған сәбиге ата-бабаларының 
атын қою рәсімі ежелден бар, көпшіліктің «Неге аталарымыздың бірінің 
атын қоймадың?»- деген сауалына атасы: «Ұлымның өмірінің ғибратты да 
баянды болып, Аллаһ тарапынан да, адамдар тарапынан да мақтауға лайық 
болғанын қалаймын»,- деп жауап берді...» 
Осы кішкентай ғана үзіндінің өзінен пайғамбарымыздың туа салып 
жұрттың назарына іліккенін көреміз. 
Мұхаммедтің (с.а.у.) бүкіл тірлігі адам баласына үлгі-өнеге, ғылымға
толы. Бұл Аллаһтың нұры жауған киелі жанның істеген әрбір ісі, сөйлеген 
әрбір сөзінде (хадис) мүлтік жоқ таза, айрықша шындығымен ерекшеленеді. 
Дамираның осы біз сөз етіп отырған екі том дүниесі мүбарак жанның адам 
қызығарлық сыртқы сұлу бейнесін, ішкі жан тазалығын барынша қаз-
қалпында қазақтың айшықты тілімен жеткізуге тырысқаны көрініп тұр. Бұл 
еңбекті 
оқи 
отырып, 
пайғамбарымыздың 
биік 
пайым-парасатына, 
алғырлығына, ақылының түпсіз тереңдігіне, досына адалдығына, әсіресе, 
сабырлылығына дән риза боласыз. Мысалы, Бәдір соғысында қасында азғана 
сахаба, қару-сайманы да мардымсыз, көлік те жоқтың қасы. Жасанған, 
мұздай қаруланған, өзінен бірнеше есе көп жауға қарсы тұру қандай қиын. 
Бұл жағдайды оқып отырып, біз күйіп-пісіп жанымызды қоярға жер 
таппадық, ал Мұхаммед (с.а.у.) болса, өзін салмақты да сабырлы ұстайды, 
өзім білем, «айттым бітті, кестім үзілді» деп тұрған жоқ, қайта 
жолдастарымен ақылдасып, қиын істің түйінін оңай шеше білді. Алланың 
арқасында алынбайтын қамалды алды, жеңілмейтін жауды жеңді. Жұрт айтса 
сенбейтін даңқты жеңіске ие болды. 
Біз әлімсақтан бері мұсылман халықпыз, Құдайдың құлы, Мұхаммедтің 
(с.а.у.) үмбетіміз, ол - анық дүние. Ата-бабамыз ислам дінін құрметтеп, 
баласын сүндеттеп, ақ некесін ардақтап өткен. Осы орайда Бұқар жырауға 
құлақ ассақ, ол: 
Бірінші тілек тілеңіз, 
Бір Аллаға жазбасқа. 
Екінші тілек тілеңіз, 
Ер шұғыл пасық залымның 
Тіліне еріп азбасқа. 
Үшінші тілек тілеңіз, 
Үшкілсіз көйлек кимеске. 
Төртінші тілек тілеңіз, 
Төрде төсек тартып жатпасқа. 
Бесінші тілек тілеңіз, 
Бес уақытта бес намаз, 


9
Біреуі қаза болмасқа! 
Кешегі өткен көзі қарақты жанның бәрі де Алланы - бір, пайғамбарды - 
хақ деп білген. Бұлар тілімен ғана емес, ділімен де нағыз Хаққа берілген 
шынайы мұсылмандар еді. Біз бұл аталарымыздың өлең-жырларынан да, 
үлгілі мінез-құлқынан да үйренуге тиіспіз. 
Біздің ауыз әдебиетіміз де Алланың бірлігін жырлайды, осыған қарап 
халқымыздың шынайы мұсылман болғандығына көңіліміз орнығып, көзіміз 
жеткендей болады. 
Дамира 
Пайғамбарымыздың 
муғжизаларының 
(«Құран 
Кәрім», 
«Миғраж», «Құбыланың өзгеруі») кереметтігін де түсінікті тілмен әдемі 
баяндаған. Ол жан-жақты ізденген, көп оқыған, пайғамбарымыздың 
«Бесіктен бейітке дейін ғылым үйрен» деген өсиетін ұстанған, ары да, жаны 
да таза жан екен. «Адамзаттың асыл тәжі» еңбегінің ендігі жерде ел-жұрты 
оқып қызығын көрсін, Аллаһ еңбегін жандырсын, алдағы жақсы істеріне де 
сәттілік тілеймін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет