Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ұшырады. Бірақ олар осы жеңілістен соң бірнеше жылдан кейін жеңіс



Pdf көрінісі
бет92/274
Дата05.12.2022
өлшемі2,95 Mb.
#54934
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   274
Байланысты:
2 5400045085427503884

ұшырады. Бірақ олар осы жеңілістен соң бірнеше жылдан кейін жеңіс 
тұғырына көтеріледі. 
Баста да, соңында да әмір беру ісі - Аллаһқа тән. Сол күні 
муминдер Аллаһтың берген жеңісімен қуанышқа бөленеді. 
Ол қалағанын жеңіске жеткізеді. 
Өйткені Ол а'зиз (бар нәрседен құдіретті) және рахим (өте 
рақымды). 
Бұл - Аллаһтың уәдесі. Аллаһ уәдесіне берік. 
Бірақ адамдардың көбі мұны білмейді" делінген Рум сүресінің 1-6-
шы аяттарында. 
Осы аяттар түскен тұста Рум империясының халі өте мүшкіл еді. Ішкі 
шайқастар, қазынаның талан-таражға түсуі, әскердің таралуы император 
Гераклийді Константинопольді тәрк етуге итермеледі. Ирандықтар басып 
алған жерлерінде ойран салып, ойларына келгенін жасады. Жеңіске 
масайраған олар қазынаға қол салып мал-байлықпен қоса Рум әйелдерін де 
басыбайлы етіп алады. Осының бәрі жетпегендей Иран шахы Хұсрау: 
"Енді Гераклийді шынжырлап әкеліңдер. Менің көз алдымда от пен 
күнге табынсын", - деп асылық та жасады. 
Осыдан соң румдықтарды бірнеше жыл ішінде етек-жеңін жиып, 
жеңеді деп ойлаудың өзі қисынсыз. 
Аллаһ Тағала жоғарыдағы аяттарымен Расулына егер өзі қаласа, 
қисынсыз ойдың да жүзеге асатынын хабарлаған болатын. 


148
Хазіреті Әбу Бәкір аталмыш аяттарды Хазіреті Мұхаммедтен (с.а.у.) 
тыңдай салысымен мүшріктердің ортасына шығып баршаға естірте оқыды. 
Сонан соң мүшріктерге бажайлай қарап: 
"Көрдіңдер ме, бірнеше жылдан соң румдар ирандықтарды жеңетін 
болады", - деді. 
Мүшріктер сенбейтіндіктерін білдірді. Араларынан Үбәй ибн Халаф 
шығып: 
"Сен өтірік айтасың. Кел, белгілі бір уақытты белгілейік, егер айтқан 
сөзің жалған шықса, төлеу төлейсің", - деді. 
Хазіреті Әбу Бәкір оған келісіп, үш жылға, он түйеге бәстесті. (Бәстесу 
Исламда харам саналады. Бірақ ол кезде бұл жөнінде Аллаһтан үкім келмеген 
болатын — Д.Ө.И) 
Хазіреті Әбу Бәкір болған жайды пайғамбарға баяндап берді. 
Мұхаммед (с.а.у.) оның айтқандарын тыңдаған соң: 
"Аяттағы бірнеше жыл мерзім үш жылдан тоғыз жылға дейінгі 
аралықты қамтиды. Сен қайта барып, түйелердің санын арттырып, бәстің 
уақытын ұзат", - деді. 
Хазіреті Әбу Бәкір Үбәймен жолығып келгендегі мақсатын айтты. Үбәй 
да оған қарсы болмады. 
Арадан бірнеше жыл өтіп, Хазіреті Әбу Бәкір Меккеден кететін 
болғанда Үбәй ибн Халаф оған доқ көрсетіп: 
"Сен Меккеден кететін болсаң, маған біреуді кепілдікке таста. Әйтпесе 
түйелерді төлемей кетесің бе деп қорқамын", - дейді. 
Хазіреті Әбу Бәкір ұлы Абдуррахманды кепіл етіп көрсетеді. 
Үбәй ибн Халаф та кейінірек Ухуд соғысына бара жатып 
Абдуррахманға өз жақындарынан біреуді кепіл қылады. 
Шайқаста жараланып, Үбәй қаза болады. 
Бәстен соң арадан тоғыз жыл өткенде румдықтар кенеттен күшейіп, 
ирандықтармен айқасқа түсіп, жеңіске қол жеткізеді. 
Бұл жолы мұсылмандар қуанып, мүшріктер қайғырады. 
Бәсте басым түскен Хазіреті Әбу Бәкір келісілген жүз түйені Үбәйдің 
мұрагерлерінен алып Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) әкеледі. Аллаһтың Расулы 
оларды садақа ретінде таратуды жөн көреді. 
Болашақтан хабар берген Рум сүресінің ақиқатына көз жеткізген 
меккелік мүшріктердің бағзылары мұсылмандықты қабылдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет