5. Студенттің педагогикалық практикасының мектептегі жетекшісінің
міндеттері
Студенттің мектептегі педагогикалық практикасын өту кезінде мектеп
тарапынан практика жетекшісі тағайындалады. Ол жетекші студенттің практика
жоспары бойынша барлық практикалық жұмыстарды атқару барысын
қадағалайды. Педагогикалық практика тиімді және жоғары дәрежеде өтуі үшін,
студент практика кезінде педагогикалық әдістер мен тәсілдерге үздік
машықтануы үшін мектеп тарапынан тағайындалған жетекші келесідей
жетекшілік жұмыстарды атқаруы тиіс:
- практикантқа барлық қажетті жағдайларды жасау;
- мектептегі бастауышта оқытылатын пәндерінің мемлекеттік
бағдарламасымен таныстыру;
- бастауыш пәні бойынша жылдық, тоқсандық және жеке сабақтық
жоспарлармен танысуына мүмкіншілік беру;
- практикантқа сынып жетекшісі рөлін меңгеруге жағдай жасау;
- педагогикалық шеберлікті арттыру және жаңа технология бойынша сабақ
жүргізу әдістемелерімен таныстыру;
-ашық сабақ және тәрбие сағаттарын жүргізуге мүмкіншілік беру;
-студентті педагогикалық емес жұмыстарға пайдаланбау;
- студенттің практикалық қызметін кафедра анықтаған жоспар бойынша
атқаруына жағдай жасау;
- студенттің практика жөніндегі есеп түзуіне қажетті құжаттармен
қамтамасыз ету;
- студентке практика жөнінде мінездеме беру;
- практика кезіндегі жетістіктер мен кемшіліктер туралы университет
тарапынан тағайындалған жетекшіге хабар беру.
Достарыңызбен бөлісу: