5. Студенттің педагогикалық практикасының кафедра тарпынан
жетекшісінің міндеттері
Практика жетікшісі пратика басталар алдында студенттермен орнықтыру
конференциясын өткізуі тиіс. Жиналыста студенттерге практиканың
мақсаттары мен міндеттерін, студенттің практика кезінде атқаратын
жұмыстарына сипаттама, мектеп туралы, сыныптар туралы мәліметтер және
студенттердің практика кезінде орындайтын жеке тапсырмаларының
тақырыптарын береді.Жетекші келесі жұмыстарды атқаруы тиіс:
- практика алдындағы жиналыста практиканың уақытын, мерзімін және
сипатын түсіндіреді;
- практика соңында түзілетін есептің мазмұны мен түзу ережелерін және
оған керекті, практика кезінде жинайтын материалдардың сапасы мен санын
көрсетеді;
- практикадан кейінгі есеп беру мерзімін анықтайды;
- практика күнделігін толтыру ережелерін түсіндіреді;
- мектеппен практиканттардың
орындайтын педагогикалық
жұмыстарының реті мен түрлерін анықтайды;