Есеп беру құжаты:
1. Күнделік;
2. Дербес-өзіндік жұмыстары;
3. Көрнекіліктері;
4. Қорытынды есебі.
Оқу (таныстыру) педагогикалық іс-тәжірибеге арналаған әдістемелік
нұсқаулар
Жеке жоспар. Бұл құжатта іс-тәжірибенің өтуі мерзіміндегі орындалатын
барлық жұмыстар көрсетіледі. Бұл жоспар
бастауыш пәнінің мұғалімінің
қатысуымен бірге түзіледі және әдіскер бекітеді.
Жеке жоспар бір апта мерзіміне түзіледі. Оның мазмұны нақты және
тақырыпты болуы тиіс.
Күнделік. Практиканттың күнделігі барлық жұмыстарды тіркеу үшін қажет.
Әдіскер студенттің күнделікті жұмысының барысын күнделік
арқылы
қадағалайды. Іс тәжірибе біткенше практикант күнделігін өзімен бірге мектепте
алып жүруі тиіс және оны жүйелі түрде толтыруы қажет. Тәжірибе аяқталғаннан
кейін күнделік басқа құжаттармен бірге әдіскерге тапсырылады.
Достарыңызбен бөлісу: