Утнапишти, не істейін, қайда барам?
Тәнімді Әзірейіл жаулап алған.
Үйім ажал тұрағына айналған,
Көзім қайда түссе де, ажал – айналам
178
, –
деп дүниеден түңіліп, бабасына жалынган Гильгамешті еске
түсірсе, соңыра тағдырға, құдайға қарсы күресетін ірі тұлға
ретінде көрінеді.
Бұл тұрғыдан қарағанда, Қорқыт ежелгі гректердің Про
метейін еске түсіреді. Түптеп келгенде, бұл әпсанадағы Қор
қыт бейнесі Прометей сияқты құдайларға қарсы соғысатын
кейіпкерлердің бұрынғы типі болуы да мүмкін
179
. Ста диялық
жағынан келгенде қазақ мифологиясы антика дәуі
ріндегі
құлиеленуші мемлекет елдерінің мифологиясынан көне.
Ажалға қарсы күресу туралы әпсанада Қорқыт бейнесі діни
сарыннан таза, сондықтан Қорқытты мұсылман әулиесі етіп
көрсететін хикаяттар жеке топ құрайды. Ал, біз талдап отырған
әпсана сюжеттің көнелігімен, мазмұнының жарқындығымен
ерекшеленеді. Бұл сюжет қазақтың өз топырағында пайда бол
ған. Қорқыт есіміне байланысты фольклорлық шығармалары
бар басқа түркі халықтарында бұл сюжет жоқ. Олардың фольк
лорында Қорқыт көбінесе ақылгөй қария, сәуегей жырау,
кейде батыр, бақсы бейнесінде көрінеді. Ал, мәңгі өмір сүру
[
155
]
үшін ажалмен айқасатын Қорқыт – қазақ фольклорындағы
бірегей образ.
Мұхтар Әуезовтың сөзімен айтқанда, бұл әпсанада «опти
мистік мағына басым. Қорқыт жайындағы аңыздың (әпсана
ның – С.Қ.) тақырыбы – құдаймен алысу туралы тақырып.
Қорқыт жазмыш тағдыр даярлап қойған талайына қарсы
алысады. Қазақ арасына таралған Қорқыт жайындағы нұс
қалардан басқа халықтардың ежелгі ғасырлардағы көне
эпосының образдары мен кейбір ұқсастығы, сарындастықты
сеземіз. Прометей жайындағы аңыз, осетиндердің Әміран жа
йындағы құдаймен алысу тақырыбы қазақтың Қорқыт жа йын
дағы аңызында (әпсанасында – С.Қ.) өз шешімін тап қан»
180
.
Бұл айтылғаннан тағы бір қорытынды шығады. Ол адамды
өлімнен құтқаратын нәрсенің о дүниеде, яғни жер астында, су
астында, я болмаса басқа бір әлемде болуы міндетті емес екен
дігі. Әдетте, зерттеушілер адамды ажалдан құтқаратын нәрсе
о дүниеде болады, кейіпкер соны іздеп, өлілер патшалығын
шарлайды деп есептейді [180]. Бірақ Қорқыт ажалдан алып
қалатын нәрсені жер мен су астынан, яғни өлілер тұрағынан
іздемейді. Ол ажалдан қашып, дүниенің төрт бұрышын кезеді,
бірақ ақыры өз жеріне келеді. Ол ажалдан құтқаратын керемет
нәрсе өзінің ерекше жасалған қобызынан шыққан үнкүй деп
біледі және сол арқылы ажалды өзіне көп уақытқа дейін жо
латпайды. Қорқыттың осы активті ісәрекеті, өлімге қарсы
керемет қасиеті бар нәрсені емес, ез күшін жұмсауы, сондайақ
әңгімеде көркем қиялдың өте аз болуы – бұл шығарманың таза
әпсана екенін, оның ертегіге, эпосқа айналып үлгермегенін,
дәлелдейді.
Утопиялық әпсаналар Совет өкіметі кезінде өте аз жазылып
алынған.
Ел арасында «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған за
ман», «жер жаннаты Жиделібайсын», «тығулы жатқан қа
зына» туралы әпсаналар әлі күнге дейін айтылады, алайда
әзірше хатқа түскені – бір ғана сюжетке құрылған утопиялық
әпсаналар. Ол сюжет мынау: кейіпкер шөбі шүйгін, суы мол,
елге де, малға да жайлы жер іздеп, жаһанды шарлайды
182
.
Бұл сюжет бірде Асанның әкесі Сәбиттің, бірде Асан Қай
ғының, бірде оның баласы Абаттың, бірде Өтеген батырдың есі
[
156
]
міне байланысты баяндалады. Олар іздеген құтты қоныс кейде
Жерұйық, кейде Жиделібайсын деп аталады. Әпсаналардың
кейбірінде кейіпкер іздеген жерін табады, кейбірінде таба
алмай, еліне қайтып келеді немесе жолда қаза табады.
Утопиялық әпсаналардың мазмұны көбінесе әлеуметтік
сипатта болады. Бұлай болу себебі – ғалымдардың айтуынша,
мұндай шығармалар, әдетте, қоғамдықәлеуметтік емірде үл
кен бір дүрбелең кезінде, қауым қиындыққа душар болғанда
пайда болады екен
183
. Ондай жағдайда халық жақсы өмірді
армандап, «алтын дәурен», «қой үстінде бозторғай жұ мырт
қалаған заман», не болмаса елді қиыншылықтан құт қаратын
бір қайраткер туралы утопиялы әңгіме, аңыз шы ғарады. Ол
әңгіме, аңыздардың басты кейіпкерлері өмірде бол ған адамдар
болуы мүмкін.
Барабара мұндай аңыздар әпсанаға немесе хикаятқа айна
лады. Осыдан барып мессиандық роль атқаратын адам, елге
ырысдәулет беретін қоныс жайында әпсана мен хикаят қа
лыптасады. Мұндай әпсананың тарихи аңыздан айырма
шылығы оның тек көркемдік дәрежесінде емес. Оның басты
ерекшелігі сол – тарихи аңызда өткен дәуірдің оқиғасы мен
адамы мадақтала жырланады, ал әпсанада өткен тарихтан гөрі
қиялдан, арманнан туған оқиғалар мен кейіпкерлер дәріп
теледі, мұнда заман, адам, жерсу, мекен халықтың қалауы
бойынша суреттеледі, олар осындай болса екен деген тұрғыда
көрсетіледі.
Міне, Асан Қайғының Жерұйықты іздегені туралы әпсана
осындай жағдайда дүниеге келіп, қалыптасқан болу керек.
Тарихта белгілі Асан Қайғы XV ғасырда өмір сүрген, Әз Жәні
бектің кеңесшісі болған. Бұл дәуір дүрбелең оқиғалар көп
бол ған шақ екені мәлім. Сондай оқиғалардың бірінде Асан
Қайғы бүкіл ел қамын ойлап, ерекше көзге түседі. Өзінен
күшті Әбілхайырдан ыққан Жәнібек пен Керей елді Еділ мен
Жайық арасынан көшіруге мәжбүр болады. Халық басына
түскен ауыртпалықты көрген Асан Жәнібекке атақоныстан
жылжымау керек екенін айтады. Алайда, қаһарлы әміршімен
тіресуге шама келмеген соң бүкіл жұрт арыпашып, талай
михнат шегіп Моғолстанға, Шу бойына ауады
184
.
[
157
]
Міне, осындай қиыншылық заманда елге қамқоршы болған
Асан жайлы әр түрлі аңыздар, әңгімелер туады. Солардың
ішінде, әсіресе, кең тарағаны – Асанның елжұртқа құтты қо
ныс іздегені туралысы.
Бұл әпсанада екі түрлі бағыт бар. Бірі елді қиындықтан құт
карушы мағди жайындағы сюжетгің нышаны да, екіншісі –
алыстағы құтты жер туралы сюжеттің түйіні. Басқаша айт
қанда, мұнда екі түрлі әпсананың басы тоғысқан, бірақ олар
өздіөзі жекеленіп, дара дамып кетпеген. Көптеген елдерде
бұлар өз алдына дамып, әр түрлі шығармаға айналган. Мә
селен, орыс фольклорында мұндай шығармаларды «легенды
о возвращающемся избавителе» және «легенды о далеких
землях» деп атайды
185
. Бұларда таптық, әлеуметтік сарын өте
күшті.
Құгты мекен жайындағы қазақтардың әпсанасын вариант
тары бойынша қарастырсақ, біріншіден, мұндай сюжеттің
қа рақалпақ, қырғыз, құмық, ноғай елдерінде де бар екенін
кө реміз, ал, екіншіден, бұл сюжетке құрылған шығармалар
Асаннан да бұрын болғанын, тіпті Асаннан кейінгі заманда
басқа адамға байланысты айтылғанын байқаймыз. Демек, елге,
малға жайлы қоныс іздеу туралы сюжет қыпшақ тобындағы
түркілердің бөлінбей тұрған шағында пайда болған, кейін
тағы бір ауыртпалық тұсында ол сюжет Сәбитке байланысты
айтылған. XV ғасырда Сәбиттің орнын Асан басқан, ал ақтабан
шұбырынды дәуірінде оның орнына Абат батыр мен Өтеген
батыр қойылған. Міне, бұл сюжет осылай тарихи тұтастануға
түскен. Мұнда тіпті батырлық эпосқа тән шежірелік те тұ
тастану бар: Жерұйықты іздеуші алдымен Сәбит, одан кейін
оның баласы Асан, ең соңында оның ұлы Абат болып көрінеді.
Бұл да фольклорлық дәстүрдің заңдылығы.
Асан Қайғының Жерұйықты іздегені туралы әпсана сю
жетінің тарихын және басқа халықтардағы
186
осы тектес
сюжеттерді салыстыра қарастырудың нәтижесінде тағы бір
зандылық байқалады: бір жақта жер жаннаты – құтты қоныс
бар, соны іздеп табу керектігі туралы сюжет барлық халықта
рулық қоғамның әлсіреп, таптық алшақтықтың күшейе бас
таған тұсында пайда болады. Ол кезде бұл сюжетте ешқандай
таптық, әлеуметтік сарын болмайды. Рулық қауым ыдырап,
[
158
]
феодалдық қоғам құрылған кезде сюжет кеңейіп, бірнеше
шығарма туады. Олар біртебірте өзінше дамып, жеке сюжеті
бар «елді құтқарушы», «жерұйықты іздеуші», «тығулы қа
зына» туралы әпсанаға яки хикаятқа айналады. Қоғамның
қиынқыстау кезеңдерінде бұл шығармалар жаңғырылып, жа
ңа кейіпкерлерге таңылып отырады.
Ал, осы сюжеттің генетикалық арғы тамырын іздесек, ол
алғашқы қауымда қалыптасқан бірбірімен тығыз байланысы
бар үш әлем туралы түсінікпен сабақтас болуы ықтимал
187
. Бұл
түсінік көптеген миф, хикая, аңыздарға негіз болғаны белгілі.
Біздің Асан Қайғы іздейтін Жерұйық та ойдан шыққан,
арманнан туған қоныс. Ондай атауы бар мекенді картадан іздеу
әбестік болар еді. Жерұйық – халықтың жарқын қиялынан
пайда болған еркін, азат, жанға жайлы жердің образы, «Жер
ұйық» деген сөздің өзі де, біздіңше, «ел ұйып, татутәтті өмір
сүретін жер» деген ұғым береді.
ХИКАЯТ
Біздің дәуірімізге жеткен фольклор қоғамдық сананың
бір түрі ретінде өнерге жатады, бірақ ол өнер дәрежесіне
бірден жетпеген. Фольклордың түрлері адамзат өмірінің әр
кезеңінде туып отырған, өзгеріске түсіп жатқан, тіпті, ұмы
тылып, қол даныстан шығып жатқан. Осы күнге жеткен дәс
түрлі фольклорлық шығармалардың көбісі – сол бұрынғы
фольклордың негізінде туып, солардың жұрнағын сақтап қал
ған, сондықтан көптеген жанрлардың құрамында, бойында,
бір жағынан, алғашқы қауымға тән ұғымтүсініктің, қара
байыр діннің, екінші жағынан, қарапайым білімнің, үшін
ші жағынан, қарапайым өнердің белгілері кездеседі. Бұл
синкреттік сипат кейінгі дәуірлерде пайда болған жанрларда
да көрініс табады, өйткені әрбір жаңадан туған жанр өзінен
бұрынғыға негізделеді, соны пайдаланады, өзіне бейімдейді,
сөйтіп, жеке жанр ретінде қалыптасады.
Мұндай үрдісті, мәселен, хикаят жанрының туып, қалып
тасуынан да байқауға болады.
Орта ғасырларда ертедегі ескі шамандықтың орнына бір
құдайлық дін келіп, ол бұрынғы діни нанымдарға қарсы қатал
[
159
]
күрес жүргізді, бірақ оларды мүлде жоя алмады, керісінше,
солармен қатар өмір сүруге мәжбүр болды, соның нәтижесінде
ескі діни нанымдарды өз мүддесіне пайдалану мақсатында
кейбір ежелгі ырымдар мен ұғымдарды, ғұрыптарды өзгертіп,
дінге бейімдеді. Мұндай жағдай сол шақтағы фольклорда да
орын алды, бұл әсіресе, хикаят жанрының тарихынан айқын
көрінеді. Ежелгі миф пен хикая жанрлары – ескі діни нанымдар
жемісі болса, хикаят жанры – кейін пайда болған бірқұдайлық
дінмен байланысты туған, яғни олар әр дәуірде,әртүрлі ұғым
негізінде туындаған. Бірақ соған қарамастан орта ғасырларда
олар қатар өмір сүрді де, бірбіріне өзара ықпал етті. Сол себепті
хикаят өзінің қалыптасуы барысында ежелгі мифтің де, одан
кейінгі хикаяның да, тіпті, әпсананың да кейбір белгілерін
бойына сіңірген, өзіне лайықтап пайдаланған. Сөйтіп, қазақ
фольклорының құрамында жаңа жанр – хикаят (агиография)
пайда болған.
Достарыңызбен бөлісу: |