Серік ҚИРАБАЕВ,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым
академиясының академигі
11
АЛҒЫ СӨЗ
Қазақ халқының бағзы заманнан бергі негізгі рухани азығы,
мәдениеті, философиясы – фольклор болғандығы мәлім. Оның
шығармашылық үлгілері қисапсыз мол болса, жанрлық түрлері
де көп. Мұнда батырлар жыры, ғашықтар жыры, ертегі, аңыз,
тарихи жыр, өлең, мақалмәтел, шешендік сөз, жұмбақ, мұң
шер жырлары, өтірік өлең тағы басқалар бар. Бұлар орындалу
мәнеріне қарай не поэзия түрінде, не проза түрінде болып
келеді. Поэзия түріндегісі айтарлықтай зерттелген, ал проза
үлгісіндегілері ғылыми жағынан әлі толық қарастырылмай
келеді. Әділдігін айтсақ, қара сөз түріндегі фольклор өзінің
көнелігі, ұшқырлығы, ғажайып сипаты жағынан поэзиялық
үлгілерден кем емес, қайта көп жағдайда басым түсіп жатады.
Оның бұдан да басқа толып жатқан қасиеттері бар. Егер өлең
түріндегі фольклор, негізінен, көркемдік, эстетикалық және
тәрбиелік роль атқарған болса, прозалық халық шығармалары
елге көбінесе табиғаттың сырын ұғуға, дүниетанымды ке
ңейтуге, өмірді білуге жәрдемдескен.
«Қазақтың халық прозасы» деп аталатын бұл еңбек қара
сөз түріндегі халық әдебиетін зерттеуге арналған. Қазақ фи
ло логиясында «халық прозасы» деген терминдік ұғым жоқ.
Бұл заңды да. Өйткені «халық прозасы» деген ұғым әлем дік
фольклортану ғылымының өзінде бертін (19501960 жыл
дардан бастап), яғни «Халық прозасын» зерттеушілердің
халықаралық қоғамы құрылғаннан кейін қолданыла бастады.
Дүние жүзі фольклортануында қалыптасқан түсінік бойынша,
халық прозасына фольклордың қара сөзбен айтылатын барлық
түрі кіреді. Олар екі үлкен топқа бөлінеді. Бірі – ертегілердің
барлық жанры, ал екіншісі – ертегіге жатпайтын прозалық
шығармалар. Орыс фольклорын зерттейтін ғылымда бұл екі
топ «сказочная проза» және «несказочная проза» деп аталады.
Қазақ фольклортану ғылымында да халық ауыз әдебиетінің
құрамында прозалық жанрлар бар екені, олар іштей жік
телетіні айтылып келді. Мәселен, Мұхтар Әуезов пен Есма
ғамбет Ысмайылов оларды «фольклордың қара сөзбен айты
латын ерекше бір түрі»
1
деп атаса, Мұхамеджан Қаратаев:
«...проза саласы... ауыз әдебиетінде тек ертегі, аңыз түрінде
[
12
]
ғана жасайды»
2
, – деп жазады. Демек, басқа халықтардың
фольклоры сияқты, қазақ фольклоры да прозалық үлгіге бай.
Сондықтан қазақ фольклорының прозалық жанрлары жеке бір
жүйе (система) құрайды деп айтуға және оны «халық прозасы»
деп атауға әбден болады. Оның құрамында ертегіден басқа да
біршама прозалық жанрүлгісі бар. Мысалы: аспандағы көп
теген жұлдыздар, күн, ай туралы мифтер, жекежеке тау, тас,
көл, мекен аттарының шығуын бір тарихи оқиғаға байланысты
баяндайтын аңыздар, жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, әр түрлі
үббе, күлдіргіш, албастылар жайындағы хикаялар, Лұхман,
Сүлеймен, Ескендір хақындағы әпсанахикаяттар ертегіге
жатпайды. Ал ертегілердің өзі бірнеше салаға бөлінеді. Міне,
солардың бәрі «халық проза сы» болып саналады.
Алайда, біздің ұлттық фольклортануымызда халық про
засының ертегілер тобы ғана зерттелген. Ертегіге жатпайтын
прозалық фольклор әлі күнге дейін жекеленіп бөлінген де,
жүйе
ленген де емес. Бұл топ көбінесе ертегілермен бірге
қарас тырылып келеді. Тек М. Әуезов пен Е. Ысмайылов бір
топ прозалық шығарманың ертегі жанрына жатпайтынын
анықтап, оларды «аңыз ертегілер» деп атаған
3
(соның өзіне де
«ертегі» деген сөз қосақталып жүр). Бұл топқа олар қысқаша
шолу жасаған. Осы бастаманы қазіргі фольклортанудың қажет
тіліктеріне және деңгейіне сәйкес ары қарай жалғастырып, да
мыту кезі келген сияқты.
Біздің еңбектің мақсаты – фольклор жанрларының тео
рия сына сәйкес халық прозасын бір жүйемен зерттеп шығу,
оның жанрлық құрамын ашу, әрбір ішкі жанрдың шығу,
даму процесін көрсету, халық прозасының өмір шындығына
қатысын анықтау және оның поэтикасын талдау.
Зерттеу тарихисалыстырмалы әдіс бойынша жүргізіледі,
өйткені сонда ғана қазақ халық прозасының типологиялық әрі
өзіндік сипаттарын ашуға болады. Халық прозасының жанрлық
құрамы тұңғыш рет арнайы зерттеліп отырғандықтан одақтық
фольклортану ғылымының тәжірибесі мен жетістіктеріне
сүйенуге тура келеді; жанрлар теориясының өзектіөзекті
мәселелері мен жанрларды ғылыми классификациялаудың
шарттары қарастырылады. Соның негізінде, әрі қазақ фольк
лорының ішкі заңдылықтарына сәйкес халық прозасы аңыз
[
13
]
дық проза (аңыздар) және ертегілік проза (ертегілер) деп екі
үлкен салаға бөліне талданады.
«Аңыздық проза» көбінесе генезистік және тарихи даму тұр
ғысынан зерттеледі, оның ішкі жанрлары анықталады, оларға
тұңғыш рет сипаттама беріледі. Сонымен қатар, әр жанрдың
ерек шелігі мен бәріне ортақ қасиеттері талданады.
«Ертегілік проза» жаңаша сараланады, әсіресе, оның типо
ло гиясы мен поэтикасына ерекше көңіл бөлінеді.
Қорыта айтқанда, бұл монографияда қазақтың халық про
засы тұңғыш рет бір жүйеде зерттеліп, оның ел өмірінде атқар
ған ролі, халық тұрмысымен байланысы, бүкіл фольклорлық
жүйеде алатын орны мен маңызы ашылады. Осы зерттеуіміз
оқырман қауымның ұлттық рухани мұраны тереңірек түсініп,
дұрыс бағалауына себін тигізсе, фольклористерге қажетті
түрде жәрдем етсе, біздің мақсатымыз орындалды, еңбегіміз
ақталды деп білеміз. Автор кітаптың жазылу барысында ақыл
кеңес беріп, еңбектің ғылыми деңгейін көтеруге атсалысқан
әріптестерге шын жүректен алғыс айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |