Президенттік басқару – төтенше жағдай жарияланған аймақтардағы азаматттардың мүдделерін қамтамасыз
ету үшін заңмен қарастырылған, президент енгізетін уақытша басқару (мысалы, Үндістанда, АҚШ-та).
Президенттік басқару кезінде мемлекеттік билік пен басқару органдарының өкілеттілігі уақытша
тоқтатылады, ал олардың міндеттерін атқару президент құрған органға немесе ол тағайындаған қызмет
адамына тапсырылады.
Президиум (лат. prfesidium, сөзбе-сөз – қорғаныс; ауыспалы мағынасында – төрағалық) – жиналысты,
мәжілісті алқалы түрде жүргізу үшін сайланған адамдардың тобы; бірқатар саяси, қоғамдық т.б. ұйымдардың
басшылық органы.
Пристав – Ұлы жүз қазақтарын басқару үшін бекітілген лауазымды қызмет.
Присяжный суд – сайланып қойылған қосшы билер қатысатын сот.
Прогресс – алға жылжу, даму үдерісіндегі жақсару, регреске қарама-қарсы құбылыс. Әлеуметтік прогресс,
ғылыми-техникалық прогресс, ғылыми прогресс болып бөлінеді.
Пролетариат– капиталистік қоғамдағы негізгі таптардың бірі, өндіріс құрал-жабдықтарын меншіктеу
құқығынан айырылған жалдамалы жұмысшылар табы; өмір сүруінің жалғыз қайнар көзі өзінің жұмыс күшін
меншік иелеріне (капиталистерге) сату болып табылады.
Протекторат – екі жақтың тең емес келісімі негізінде бекітілген және тәуелді елдің мемлекеттілігінің сыртқы
белгілерін сақтай отырып, екінші бір елдің қол астына толық өтуімен сипатталатын үстемдік.
Путч (нем. рutch) – шағын топтың мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатын көздеген бүлігі.
Пұт – құдайдың адам, жануар және құс бейнесіндегі мүсіні. Адамзат тарихының ерте кезеңінде пұт жасауға
тас, сүйек, ағаш қолданылса, кейіннен металдардан жасайтын болған.
Пұт – салмағы 16,3 кг-ға тең ауырлық өлшемі.
Рабад – ортағасырлық қаланың егін егушілер мен мал өсіруші қарапайым хлық тұратын сыртқы бөлігі.
Радикализм – терең, батыл шаралар қолдану әрекеті. Мәмілеге келмейтін саяси ұйымдар тобы.