СЛАЙД № 8
Өткен жылы қарапайым ауған баласының арманының қалай орындалғанын
бүкіл әлем тамашалады. Оның Месси деп жазылған полиэтилен пакеттен жасалған
форма киіп түскен суреті желіде кең таралды. Бір
жылдан соң атақты футболист
баламен кездесті.
Міндеті: әр оқушы жеке интернет мүмкіндтерін қарастырады.
1-қадам. Оқушылардың жеке жұмысы
Оқушылар өздерінің армандары туралы ойланып, оны екі-үш сөйлеммен жазады. Тапсырмаға 1 минут беріледі.
2-қадам. Арман орындалуы үшін интернетті қалай қолдануға болады? 5 тәсілін жазыңыз. Тапсырмаған 1-2 минут беріледі.
(мұғалімге: Мысалы, мен ағылшын тілінде сөйлейтін адаммен бірге ағылшын тілін скайп арқылы үйрене аламын;
бос жұмыс орындары
сайтынан жақсы жұмыс таба аламын; әлемдің кітапханаларды онлайн пайдалана аламын және т.б.)
3-қадам. Оқушылар кейбір идеяларын дауыстап айтады, олар бес бағанға бөлініп тақтаға жазылады.
4-қадам. Мұғалім әр бағанның астына интернеттің
функциясын жазады.
Ақпараттық қызмет
Ең жедел және баршаға қолжетімді (бұқаралық)
ақпарат көзі
Ақпарат жіберу функциясы
Жеке және іскерлік виртуалды коммуникация
Әлеуметтік қызмет
Қызығушылықтар
бойынша контентке өте бай
Білім беру, оқыту қызметі
Білім алу мен дағдыларды игеруге арналған бай кеңістік
Көңіл-ашарлық (көңіл көтерушілік)
қызмет
Өзін-өзі тану, көңіл көтеру және
жеке мәселелерді шешу орны
“адам өмірінде интернет осындай қызметтер атқарады”.
5-қадам. Оқушылар 5 топқа бөлінеді. Әр топ бір функцияна таңдайды.
Тапсырма: Интернеттің қызметін түсіндіру, нақты бір қызметі бойынша мейлінше көп мысал келтіру.
• Интернет – ең жедел және баршаға қолжетімді (бұқаралық) ақпарат көзі (Интернетте сайты бар БАҚ-тарды атаңыз)
• Интернет – жеке және іскерлік виртуалды коммуникация алаңы (email, мессэнджерлер - Скайп, ВотсАпп, Телеграм, Вайбер,
әлеуметтік
желілер).
• Интернет – қызығушылықтар бойынша контентке өте бай клуб (әлеуметтік желілердегі топтар, тақырыптық/салалық порталдар мен
форумдар)
• Интернет – білім алу мен дағдыларды игеруге арналған бай кеңістік (онлайн университеттер, курстар, білім беретін курстар, энцикло-
педиялар)
• Интернет –
өзін-өзі тану, көңіл көтеру және жеке мәселелерді шешу орны (инстаграмм, блогтар, қала картасы, такси және т.б.)
6-қадам. Топтардың презентациялары
Түйін: Интернет – жеке, тұрмыстық және кәсіби міндеттерді орындау үшін ыңғайлы заманауи құрал. Бұл
қосымша білім алуға және
шығармашылық тұрғыда ашылуға мүмкіндік береді
Достарыңызбен бөлісу: