Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап



Pdf көрінісі
бет128/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   138
Байланысты:
3a7589a2bc2e406390b1fca8e62cb8fa

238
239
МЕНІҢ ИНТЕРНЕТТЕГІ МҮМКІНДІКТЕРІМ
МЕНІҢ ИНТЕРНЕТТЕГІ МҮМКІНДІКТЕРІМ


СЛАЙД № 11
Интернеттің әлеуметтік қызметі: Интернет – қауымдастық-желілерді қалыпта-
стырудың тиімді тәсілі.
СЛАЙД № 12
Білім беру, оқыту қызметі 
Мысалы, Википедия. Бұл ресурсқа кез келген интернет қолданушы 
жаңа материал сала алады, ресурстың артықшылығы осында. Мақа-
лаңыздың сапасына қарай, дәлелді деректерді беруіңізге қарай мақала 
жарыққа шығады. Сонымен қатар, оқушылар реферат жазғанда және 
сабаққа дайындалу үшін ақпарат іздегенде бірінші кезекте Википедия 
көмегіне жүгінеді. Бұл – ашық энциклопедия, мұнда материалдарды 
еркін пайдалануға болады. Бірақ, міндетті түрде сілтеме болуы керек. 
Сілтеме берілмеген жағдайда, плагиат болып саналады. Кез келген 
педагог мәтіннің бір бөлігін гуглга көшіріп басып-ақ материалдың қайдан 
көшірілгенін таба алады.
240
241
МЕНІҢ ИНТЕРНЕТТЕГІ МҮМКІНДІКТЕРІМ
МЕНІҢ ИНТЕРНЕТТЕГІ МҮМКІНДІКТЕРІМ


СЛАЙД № 13
Интернет – өзін-өзі тану, көңіл көтеру және жеке мәселелерді шешу орны
СЛАЙД № 14
2000 жылдардың басында әлемде медиатөңкеріс болды. Дәстүрлі БАҚ (ТВ, радио, 
газет, журналдар) ақпаратты аудиторияға жеткізу жылдамдығынан Интернеттен 
жеңіле бастады. Интернет жобаларға көптеп ақша салына басталды, жарнама кө-
бейді. Қазіргі уақытта БАҚ-ң барлығы интернет нұсқаны қатар жүргізуге тырысады. 
Ал кейбір БАҚ ескі форматтан жаңаға ауысып, толықтай интернетке көшті. 
242
243
МЕНІҢ ИНТЕРНЕТТЕГІ МҮМКІНДІКТЕРІМ
МЕНІҢ ИНТЕРНЕТТЕГІ МҮМКІНДІКТЕРІМ


СЛАЙД № 15
Интернетте ресми БАҚ-тан бөлек қолданушылар дайындаған ақпарат-
тық және көңіл-ашар контент көп. Желі қолданушылары күнде бір оқиғаның 
куәсі болады, ал қазіргі телефондар бірден суретке немесе видеоға түсіруге 
мүмкіндік береді. Сондықтан, интернетте қарапайым адамдар жасаған кон-
тент өте көп. Цифрлі форматтағы ақпарат бір сәтте мыңдаған, тіпті миллион-
даған адамға жететін және әр интернет қолданушы маңызды ақпарат тара-
тушы атана алатын феномен «жаңа медиа» деп аталады. 
Қазақстан медиалары оқырмандар жіберген материалдарды да жариядауды 
қолға алған: 
https://www.azattyq.org/
https://informburo.kz/
https://factcheck.kz/kaz/
Дәстүрлі БАҚ-та заманауи технологиялар ағымына ілесіп отыруға талпына-
ды. Мысалы, қазір әр ТВ бағдарламаның жеке байланыс деректері беріледі. 
Кез келген адам оларға ақпарат жолдай алады. Олардың арасынан өзек-
тілері іріктеліп алынып, эфирге шығып жатқан кездер де болады. Мысалы, 
қолданушылардың мұндай белсенділігі заңсыз құрылысты, арнайы орын-
дардан тыс қоқыс төгетін орындардың пайда болуын дер кезінде тоқтатуға 
көмектесті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет