Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап


Кез келген адам технология жағынан қарағанда «жаңа БАҚ» шығара алады. Бұл – жаңа



Pdf көрінісі
бет16/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   138
Байланысты:
3a7589a2bc2e406390b1fca8e62cb8fa

Кез келген адам технология жағынан қарағанда «жаңа БАҚ» шығара алады. Бұл – жаңа 
медианың артықшылығы. Масс-медианы «біреуді көпке» тарату құралы деп сипаттаған 
Вин Кросби жаңа медианы «көптің көппен» байланысы деп қарастырады. 
1.3. БАҚ-Ң ҚАЗІРГІ УАҚЫТТАҒЫ РӨЛІ 
ТЕЛЕДИДАР
РАДИО
ГАЗЕТТЕР
ҒАЛАМТОР
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ
Дереккөзі: «М-в
ек
-
т
ор» ком
паниясының 
ұлттық са
уа
лнам
асы
98,10%
56,70%
51,80%
30,20%
0,2%
2,8%
4,9%
10,6%
БАҚтың заманауи адам өміріне тигізер қандай да бір әсері жайында айту 
қиындау. Десе де әлем елдерінің көпшілігінде ақпаратты тұтынудың негізгі 
көзі интернет болып отыр. M-Vector консалтингтік-зерттеу компаниясының 
2013 жылы жүргізген сауалнама нәтижесіне сәйкес Қырғызстан үшін ақпа-
рат тұтынудың негізгі көзі әлі де дәстүрлі БАҚ екен. Ресейлік саясаткер 
Сергей Масауловтың зертеуіне сәйкес Қазақстандықтардың 48,9 пайызы 
телеарналарда көрсетілген ақпаратқа сенеді. 
2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 2763 БАҚ тіркелген. Басым бөлігін – 86% – баспасөз, 11% – электрондық 
БАҚ, 3% – ақпараттық агенттіктер құрайды. Қазіргі уақытта елімізде 1156 газет және 1269 журнал жұмыс істейді. Сондай-ақ, 285 электрондық бұқа-
ралық ақпарат құралы тіркелген, олардың ішінде телерадиокомпания – 169 (108 – телекомпания және 61 – радиокомпания), кабельдік оператор 
– 108 және спутниктік хабар тарату операторы – 8. Ақпараттық агенттіктердің жалпы саны – 41. Желілік басылым ретінде орыс және қазақ тілдерін-
дегі 15 басылым тіркелген.
Қазақстанда 11 телекомпания мен 7 радиостанция республикалық мәртебеге ие («Қазақстан» РТРК» АҚ, «Хабар» агенттігі» АҚ, «КТК» АҚ, «НТК» 
ЖШС, «Рахат-ТВ» ЖШС, «Астана қ. телевизиясы» ЖШС, «31 канал» ТРК ЖШС, «Эра» телерадиокомпаниясы» ЖШС, «Европа плюс Қазақстан», 
ЖШС, «Русское радио-Азия» ЖШС және «NS радиосы» ЖШС т.б.)
Қазақстанның аумағында қызмет көрсету сапасы мен деңгейі жоғары ақылы көп бағдарламалы қызметтер ұсынатын эфирлік-кабельдік телевизия 
желісінің 108 операторы жұмыс істейді. Олардың қызмет саласы, әдетте, жергілікті сипатқа ие. Бұл ретте, арналардың пакеті 14-тен 130-ға дейін-
гі телевизия бағдарламасы аралығында болады. Бұл спектрді «Алма-ТВ», «DIGITAL TV», «ID TV» және «ICON» сияқты бірқатар ірі операторлар 
ұсынған. Кабельдік және эфирлік-кабельдік телевизия инфрақұрылымы Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Өскемен, Павлодар сияқты ең ірі 
қалаларда дамыған. «Қазтелерадио» АҚ ақпараты бойынша Республикадағы 4 млн. үй шаруашылығының 1,6 млн. эфирлік-кабельдік телевизиямен 
қамтылған, бұл - шаммен 5-6 млн. адам. Қазіргі уақытта уәкілетті органда 270 шетелдік теле-, радиоарна есепке қойылған. Олардың: 185 – ресей-
лік, 24 – ағылшын, 16 – француз, 11 – америкалық, 7 – түркиялық, 6 – украиндық, 18 – өзгелердікі (Нидерланды, Корей, Гонконг, Шешен Республика-
сы, Дағыстан Республикасы, Беларусь, Эстония, Кипр, Швейцария, Германия, Люксембург Герцогтігі, Әзербайжан). Республика аумағында шетелдік 
бұқаралық ақпарат құралдарын ірі таратушылар - «Қазпошта» АҚ, «СП «АиФ-Казахстан» ЖШС, «Евразия пресс» АҚ, «Алма-ТВ» АҚ, «Қазцентр-ТВ» 
ЖШС. Олар тарататын масс-медиа көлемі жиынтығы 70% құрайды. Шетелдік өнімдерді таратушылардың 93 % - заңды тұлғалар.
Соңғы жылдары Қазақстанда дәстүрлі БАҚтан қарағанда интернет пен әлеуметтік желілер тұтыну жағынан ғана емес, әлеуметтік және өзге де про-
блемаларды шешуде билік пен қарапайым халық арасында көпір болып отыр. Бұл соңғы болған бірнеше оқиғалардан байқалады: Жер реформасы, 
Көк жайлау мәселесі, Үсенов пен Әліби оқиғалары. 
Медиа және ақпараттық сауаттылықты арттыру үшін БАҚ-пен жұмыс жасау ерекшеліктерін, ақпарат кімнің қолында қалайша манипуляция 
құралына айналатынын білу керек және түсіну керек. Кітаптың бұл бөлімінде медиаға байланысты негізгі ұғымдарды қарастырамыз, БАҚ-ты 
қоғамдық санаға ықпал ету және манипуляция мақсатындағы құрал ретінде зерттейміз. Сонымен қатар, БАҚ-тағы ақпаратты сыни тұрғыда 
талдап-сараптауға көмектесетін сұрақтарды қарастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет