в) БАҚ жіктелуінің басқа да түрлері бар: - шығу жиілігі бойынша: күнделікті, апталық, айлық;
- таралу аумағы бойынша: 1.орталық, жалпыұлттық, республикалық; 2.облыстық, аймақтық; 3.қалалық; 4.аудандық; 5.ауылдық;
Мерзімді баспасөздің жұмысын тоқтататыны, олардың жаппай жабылатыны туралы мәселе бірнеше жылдар бойы талқыла- нып келе жатыр. Соған қарамастан, газет-журналдар заман ағымынан қалмауға ұмтылып, дамып-жетіліп жатыр. Жыл сайын әлем бойынша көптеген жаңа газет-журналдар ашылып жатыр. Себебі, газет-журналдарға адамдар көбірек сенеді, ол әрдайым қолжетімді, материалды кез-келген ыңғайлы уақытта оқуға болады. Негізгі кемшілігі – ақпарат тарату жылдамдығы төмен. Күнделікті шығатын газеттердің өзі басқа БАҚ түрлеріне қарағанда ақпаратты кешігіп жеткізеді. Баспасөз, радио және телевизия
дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына жатады. Соңғы уақытта «жаңа медиа» деген термин таны-
мал болып кетті.
Жаңа БАҚ немесе жаңа медиа (ағыл.Newmedia). Бұл терминді ХХ
ғасырдың соңында интерактивті-электронды басылымдарға қарата
қолданыла бастады. Дәстүрлі медиадан айырмашылығы ретінде
контент өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы коммуникаци-
яның жаңа формасы. Яғни, бұл термин цифрлік, желілік техноло-
гиялар мен коммуникацияның даму үрдісін білдіреді. Ең алдымен,
цифрлік технологиялар. Бұл тенденция қоғамның компьютерле-
нуімен байланысты.
Мичиган университетінің професоры Рассел Нойман: «Newmedia – бұқаралық ақпарат құралдарының ары қарай өмір
сүруінің жаңа форматы. Цифрлік құрылғыларда әрдайым қол-
жетімді болуын, сонымен қатар қолданушылардың ақпаратты дай-
ындап және ары қарай таратуға белсенді қатысуын білдіреді».
Компьютер мен интернеттің дамуына байланысты соңғы 25 жылда медиа қарыштап дамыды. Алайда, бұл жаңа медианы сипаттамай-
ды. Себебі, уақыт өте келе онлайн-басылымдар мен цифрлік телевизия дәстүрлі БАҚ деп есептелді. Дәстүрлі медиа да жаңа техноло-
гияларды пайдалана бастады. Мысалы, суретті өңдеу және т.б.