Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап



Pdf көрінісі
бет26/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   138
Байланысты:
3a7589a2bc2e406390b1fca8e62cb8fa

34
35
I БӨЛІМ «АҚПАРАТ» ЖӘНЕ «МЕДИА»
I БӨЛІМ «АҚПАРАТ» ЖӘНЕ «МЕДИА»
В)Ақпаратты қайталау. 30 минуттан кейін, аудитория ақпарат мазмұнының 60%-н ғана есінде сақтайды. Кешке қарай тек 40%, ал апта 
соңында 10% ғана есінде қалады. Соның нәтижесінде мәселе 10 күннің ішінде жоқ болып кетеді. Әрине, егер сол мәселе қайта-қайта 
қайталанып немесе жаңа факторлармен толықтырылып беріле бермесе ғана жойылады. Егер ақпаратты өте жиі қайталап бере беретін 
болса, онда белгілі бір уақыт өткен соң, адамдардың санасында жатталып қалады. Қайталау техникасына «Нұротан. Қазақстан. Нұр-
сұлтан», «Билік партиясы» деген секілді ұрандарды қолдану да жатады. Мұндай ешқандай мән-мағынасы жоқ тіркестер жарнама мен 
саясатта үлкен рөл ойнайды. Қайталау техникасы жаңалықтарда жиі қолданылады. Маңызды деген ақпарат ол репортаж болсын (теле-
визия) немесе мәтіндік хабарлама болсын (радио) еш өзгертілместен әр шығарылым сайын қайталанып беріле береді. 
Г)Пікір/Пайым. Бұл тәсілдің ерекшелігі – өзіне ең ыңғайлы, өзінің пікірінің дұрыстығын дәлелдейтін ғана пікірді береді, осылайша пікір-
лердің екіжақтылығын шектейді. 
Д)Риторикалық сұрақтар қою немесе сыбыстар тарату. Негізі қоғамдық пікірді қалыптастырушы ретінде, БАҚ аудиторияға қандай 
ақпарат қажет екенін және нақты халықтың бір сегменті үшін маңызды тақырыптарды біледі. БАҚ сыбыс тарататын ресми ақпарат көзі 
деп бекер аталып жүрген жоқ. Былай қарасаң табиғи заңдылыққа қарсы ештеңе жоқ секілді. БАҚ аудитория талқысына сұрақ тастап, 
оны жауапсыз қалдырады. Дегенмен, көрермен/оқырман/тыңдарманды ойлауға және «тасталған идеяны» ары қарай насихатшы ойла-
стырған бағытта өрбітіп әкетуге мәжбүрлейтіндей белгілі бір мазмұнда береді. Міне, осылайша, сыбыстар нақты бір міндеттері орындау 
арқылы қоғамдық пікірді қалыптастыруға айтарлықтай септігін тигізеді. Сайлауалды кампания кезінде дәл осы сатыда оппонент туралы 
жағымсыз ақпарат жіберіледі. Мысалы, «Бәленшенің қылмыстық топқа қандай қатысы бар?» немесе «Бәленше расымен де сайен-
тология сектасының мүшесі ме?» және т.б. Мұндай риторикалық сұрақтар қоғамның санасында жағымсыз пікір қалыптастырады, 
осылайша саясаткердің беделіне күйе жағылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет