Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап


Б) Есімдерді ауыстыру немесе «ярлыктарды жапсыру»



Pdf көрінісі
бет25/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   138
Байланысты:
3a7589a2bc2e406390b1fca8e62cb8fa

Б) Есімдерді ауыстыру немесе «ярлыктарды жапсыру». Саяси тілдің пәрменді құралдардың бірі «ярлыктар», яғни саяси қарсы-
ластарға «жапсырылатын» атаулар. Олар нақты бір мақсатта қолданысқа енгізіледі. Олар күнделікті қолданыстағы сөздер қатарына бір-
неше уақыт бойы енгізіледі, адамдардың құлағына үйреншікті бола бастайды, одан кейін қүнделікті қолданыстағы сөзге айналады, кейде 
өзіне ұқсас, бірақ агрессивті ұғымдардың орнын басады. Бірнеше мысал келтіріп көрейік:
- «Қызыл-қоңырлар». Бұл термин «демократтар» 
мен «КПСС» арасындағы күрес күшейген кезде 
пайда болды. Терминді шығарғандардың мақса-
ты – фашизм мен коммуниз арасына теңдік бел-
гісін қою, КПСС-ты қаралау. Ол уақытқа дейін бұл 
қорлау үшін айтылғандай қабылданды. Бұл тер-
минді адамдардың жиі қолдануының нәтижесінде 
адамдар «қызылдар» мен «қоңырларды» бір ұғым 
деп қабылдай бастады. 
- «Кавказ ұлтының тұлғалары». Бұл терминді 
журналистер ойлап тапты. Кең таралған «кавказ-
дықтардан» айырмашылығы – ресми мағына беру 
үшін «заңды тұлға», «жеке тұлға» деген термин-
дер секілді балама атаумен қолданылуы. Ресми 
атаулар сауатсыз болмайды. Кавказ деген ұлт 
атауы жоқ, сол секілді славян ұлты деп те айтуға 
болмайды. Бұл сөз қорлау, кемсіту мағынасында 
қолданылады. 
- «Жауыздық империясы». 
Терминді қолданысқа Р.Рейган 
«суық соғыс» өршіп тұрған тұста 
енгізді. Кеңес одағын аюлар ме-
кен ететін және қанқұйлы комму-
нистерге толы елдің бейнесімен 
америкалықтарды үрейлендір-
мекші болған Рейган мақсатына 
жетті де. КСРО баяғыда тарап 
кетсе де, термин әлі қолданы-
стан шыққан жоқ.
- «Отбасы». Бұл терминнің шыққанына көп болған жоқ. Президенттің басы-қасында жүрген 
адамдарға қатысты айтылады. БАҚ кімдерді «отбасыға» жатқызса, қоғам санасында солай қа-
лыптасып кетеді. Италиядағы мафиялық кландарды «отбасы» («семья») деп атап кеткен. Бұл 
сөз мафия туралы фильмдердің арқасында көпшілікке жақсы таныс. Президенттің айнала-
сындағыларды солай атау арқылы журналистер өздері байқамай оларды нақты бір топтардың 
мүддесі үшін барлық елде билігін жүргізетін мафиялық кландармен байланыстырады. Бұл 
терминді ойлап тауып, қолданысқа енгізгендердің ойлағаны жүзеге асты деуге болады. Бұл 
терминнің идеологиялық күші зор. Манипуляциялық мақсаттағы сөздерді қолдану – бұқара-
ның санасын психологиялық тұрғыда арбау жолдарының бірі. Олар бұқаралық стереотиптерді 
қалыптастырып, оларды қолданысқа енгізудің тәсілі ретінде қолданылады. Оларға қарсы тұру 
мүмкін емес. Бұл тәсіл өте қарапайым болғанымен, өте тиімді, оның қауіптілігі де осында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет