17
40-жаттығу. Екі-үш түбірден біріккен он-он бес географиялық атау жазып,
олармен сөйлем құрастырыңыздар.
41-жаттығу. Төмендегі бірге жазылған
балық, ойын, өсімдік атаулары мен
зоологиялық терминдерді өзара ажыратып, бағанға бөліп көшіріңіздер.
Сөздердің жазылуын есте сақтаңыздар.
Ағашшырмауық, алтыбақан, айгүл, айырқұйрық, барыпқаш, ақжапалақ,
жиырмабір, айғыржуа, айдаршөп, айбалық, алтынқабақ, айнакөз, ақбөкен,
қақпатас, аққаз, аққоян, айылжуа, ақбидай, ақжалбыз, ақжелек, қарабие,
ақкелін, ақтерек, арамсояу, бұраңбас, қызқуу, ақтиін, қазандоп, ақкөз, ақсерке,
қозыжарыс, алажертесер, ақтырна, ақшабақ, ақшағала, алабүйе, арқаржусан,
арпабас, ащытамыр, аюқурай, балауызағаш, балмұрын, батпақгүл, бөріаяқ,
доңызот, итжидек, орамалтастамақ, қолтұзақ, алақарға, өгізай, сартұқыш,
өгізтартыс, бұйраторғай.
Достарыңызбен бөлісу: