Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет27/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

 
Бас әріптің қолданылуы 
 
Бас әріппен жазылатын сөздер 
Мысалы 
Жалқы есімдер
Павлодар, Манас 
Ең жоғарғы мемлекеттік қызмет аттары мен құрметті атақтар 
Президент Әкімшілігі 
Мемлекет, республика, жоғарғы мекемелер мен ұйымдардың 
күрделі атауларының әр сөзі 
Қазақстан Республикасы 
Нүкте, сұрау, леп белгілерінен кейінгі сөйлемнің бірінші сөзі, 
өлеңнің әрбір жолы 
Жанұя – шағын мемлекет. 
Мен – президент, сен – 
премьер. (Қ.Аманжолов) 
Кісі аттарымен қабаттаса айтылатын тұрақты эпитеттер жалқы 
есімнің алдынан келсе 
Жаяу Мұса, Ер Төстік 
Корея, индонезия, бирма, тайланд т.б. халықтардың аты-
жөндерінің әрбір сөзі 
Ким Ир Сен, Хо Ши Мин 
Бас әріптермен қысқарған сөздер 
БҰҰ, ТМД 
Түрлі мекемелер, білім-ғылым орындарының т.б. күрделі 
атауларының бірінші сөзі 
Павлодар мемлекеттік 
университеті
Мифологиялық «иелердің», «құдайлардың», «әулиелердің» 
аттары 
Ойсылқара 
Мал, құс, ит т.б. қойылған аттар 
Ақбоз, Тайбурыл 
Маңызды 
тарихи 
дәуірлер, 
революция, 
уақиғалар, 
мерекелердің аттары 
Ұлы Отан соғысы 
Бұрынғы ордендердің аттары 
Қызыл Жұлдыз ордені 
Ресми құжаттардағы шартты атаулар 
Жоғары мәртебелі 
Президент мырза 
Аса маңызды құжаттардың аттары 
Тіл комитетін құру туралы 
жарлық 
Ордендер мен медаль аттары және құрметті атақтардың 
бірінші сөзі 
«Ардақты ана» ордені 
Кітап, газет, журнал аттары 
«Қартқожа» романы 
Көше, алаң, парк, шоссе, көпір, жол т.б. аттарының бірінші сөзі Жібек жолы көшесі 
82-жаттығу. Сөйлемдердегі бас әріппен келетін сөздерді анықтап, жазылу 
себебін түсіндіріңіздер. 
І. аздан соң ербол абайлардан бөлініп, көлқайнарға қарай тартып кетті. 
(М.Ә.) қасым пішенбаев көмір тапқаннан кейін, ол баянауыл, қарқаралы 
жерлерін сонау балқашқа дейін иемденіп алады. ұлы сібір темір жолын салуына 
байланысты ХІХ ғасырдың аяқ кезінде екібастұз көмірін пайдалану үшін 
«воскресен тау-кен акционерлік қоғамы» ұйымдасады. павлодар қаласына таяу, 


31 
ертістің сол жақ жағалауындағы воскресенская пристанына екібастұздан тар 
табанды темір жол тартылды да, сол жолмен екібастұз көмірін деров ертіс 
арқылы омбыға тасытады. (Ә.Нұрш.) араб басқыншылығынан кейінгі кездегі 
қараханид кезеңінің тілдік ерекшеліктерін сипаттайтын жазба материалдарға 
юсуф баласағұнның «құтадғу білік» атты поэмасы, махмұд қашқаридің «дивану 
лұғат-ат түрік» атты лингвистикалық еңбегі, ахмед югнакидің «һибат-уль-
хакаик» атты еңбегі, қожа ахмет яссауидің шығармалары («хикметі») жатады. 
(С.И.) шығыстың классикалық әдебиетінің қазақша еркін аудармалары, яғни 
шығыс сюжеттерін қайталап қазақша жырлаған туындылар: «шахнаме», «ләйлі 
– мәжнүн», «жүсіп – зылиха», «фархад – шырын», «ескендір», «мұңлық – 
зарлық», «сейфүл-мәлік», «бозжігіт», «шахмардан», «шәкір – шәкірат» т.б. 
(Р.С.) 
ІІ. бұл асқа қарқаралының арғыны, жетісудің жалайыры, садыр-матайы, 
семіз-найманы, ылдидің уақ, бурасы, дағандының керейі бар, талай үлкен рулар 
келмек. (М.Ә.) күлкісі көмір болғыр сейіттің не бүлдіріп, не қойғанын 
группадағылар тұңғышбаев келген соң бірер минут өтер өтпесте-ақ білген-ді. 
(М.Әуб.) исаның жайын сөз қылу тәкежаннан құтылудың шарасы емес-ті. 
(М.Ә.) ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басында жарық көрген кітаптар, 
газет-журналдар («түркістан уалаятының газеті», «дала уалаятының газеті», 
«айқап» т.б.) тілінен де міне осыны байқаймыз. (С.И.) сондықтан «алпамыс», 
«қамбар батыр», «ер тарғын» сияқты ежелгі батырлар жырлары да, «қыз 
жібек», «айман – шолпан» тәрізді лиро-эпостар да, қазақтың профессионал 
ақындарының өлеңдері де, жыр-дастан болып келетін жаңа туындылар да 
«қисса-и» атымен басылды. (Р.С.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет