101
206-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті
сөз не сөз тіркесін тауып
қойыңыздар. Сызықшаның қойылу себебін түсіндіріп, бір мақал-мәтелді
тақырып етіп шағын шығарма жазыңыздар.
1) ... ... – қызыл тіл. 2) Жақсы болсаң – ... , жаман болсаң – ... . 3) Әдептілік
ар-ұят – ... ... . Тұрпайы мінез, тағы жат – ... ... . 4) ... ... – ұлы ұстаз. 5) ... – білім
бұлағы, ... – өнер шырағы. 6) ... – сөздің атасы, ... – ердің опасы. 7) Сөз анасы –
... , су анасы – ... , жол анасы – ... . 8) ... – зор байлық. 9) Денсаулық кепілі – ... .
10) Су жүрген жер – ... , ел жүрген жер – ... . 11) ... ... – елдің ырысы, ... ... –
жанның тынысы. 12) Жақсының жүрген жері – ... , жаманның жүрген жері – ... .
13) Бірінші байлық – ... , екінші байлық – ... ... , үшінші байлық – ... ... . 14)
Дүниедегі ең асыл тіл – араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі
гауһары – ... ... . (М.Көпеев) 15) Әркімге ... ... – туған шеше, Оған бала міндетті
сан мың есе. (С.Мұқанов)
Қажетті сөздер: өнер алды, денсаулық, азарсың, өмірдің өзі, мереке, білім,
мақал, құлақ,
жақсы жер, бұлақ, тұяқ, денсаулық, тазалық, береке, озарсың,
жақсы адам, базар, азар, ақ жаулық, надандықтың белгісі, он саулық, оқу, қазақ
тілі, уәде, адамдықтың белгісі, туған тілі.
207-жаттығу.
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын
сызықшаны келтіре отырып мамандыққа байланысты әңгіме құрастырыңыздар,
тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіздер.
208-жаттығу. Мәтіннің тиісті жеріне сызықша қойып, көшіріп жазыңыздар.
Қойылу себебін дәлелдеңіздер.
Адамзаттың ақыл-ойының даму жолын айқындайтын, көркемдік
танымының бағыт-бағдарын белгілейтін, өткен өмірді қалпына келтіріп, бүгінгі
өмірді таңбаға түсіріп, замандармен, халықтармен
бірге ғұмыр кешетін тірі
бейнелер кейіптеп, өз тарапынан жаңа бір әлем жасап шығаратын, халық рухы
әбілхаят нәрімен сусындап, фәниден озған, бақиға бата алған, ескірмейтін,
өлмейтін мерейлі шығармалармен бұ дүниеде
мәңгі жасайтын Жазушы болу
айрықша бақыт. Үш дүниенің сырын тоқыған, төрт тарабын түгел таныған
Қазақ Жазушысы болу он есе артық бақыт. Талабы таудай жан балам,
көкірегіңде от болса, туған халқыңды жан-жүрегіңмен сүйсең,
сенің де ірі
жазушы, зор тұлға болып шығарың күмәнсіз. Ірі болмасаң да, ұлы болмасаң да,
қатарыңша қызмет жасасаң мұратыңа жеткенің. Ол сенің адамдығыңа
байланысты.
Жазушының адамдық бейнесі әділдік, адалдық, кісілік деген ұғымдардың
жиынтық көрінісі. Қазақ жалпақ тілде «жақсы адам» дейді, «жақсы кісі» дейді.
Жақсы адамның бәрі бірдей жазушы болмайды,
бұл жалпылық өлшем, бірақ
жақсы жазушының барлығы да жақсы кісі болған. Кісілігі кем жазарман
ешқашан да тәуір жазушы дәрежесіне жетіп көрген емес. Өйткені жазу ең
алдымен, кісіліктің жемісі. Тетігін білмеген адам трактордың өзін жүргізе
102
алмайды. Жақсылық пен жамандықтың тетігін айырмаған жан қалай тәуір
жазбақ. Жаза алмайды, болмайды.
Қаламгердің азаматтық келбеті яғни отаншылдық, ұлтшылдық, қаншылдық
бұл да
кісілікке жалғас, дарынмен бірге бітетін, өскен орта, алған тәрбие
негізінде қалыпқа түсетін қасиет. Онсыз тағы да жазушы жоқ деп біліңіз.
Әсіресе, біз сияқты отар ел жағдайында. Халқын сүймесе, ұлттық намыстан
кенде болса, адамдық қасиеті де жоқ деген сөз, жазушылық қайда, дені түзу кісі
есебіне қосу қиын. Қаламгер аруақтың аманатын арқалаушы, халықтық рухтың
жаршысы, яғни ұлттық сана оның шығармашылық
бітіміндегі ең игі негізгі
көрсеткіші болуға тиіс.
Сонымен, жазушы қайдан шығады деген әуелгі сауалымызға қайтып
оралдық. Бірінші шарт дарын дедік, ал бұл дарынның туа бітетіні талассыз
ақиқат. Бірақ сол туа біткен қасиет жүзеге асуы үшін тағы қаншама жағдай
керек екен. Соның ішінде адамның өзіне тікелей байланысты және ең мәнді, ең
басты шарт таудай талаптан серпін алған табанды еңбек.
Бойдағы дарын тәңірінің сыйы еңбексіз келді. Өзгеше талай бақ қонды. Енді
соны
жетілдіру, жеріне жеткізу, кәдеге асыру құт орнаған кісінің өзінің
қолында. Дарын Көктен түсті. Жеміс емес, тұқым. Өнер, оның ішінде
жазушылық сол тұқымның мәуеге айналған көрінісі.
Екі арада ауыр әрі
қызғылықты, ақыр түбінде бір адам емес, бүкіл жұрт үшін, оларды ұлыс үшін
игілікті еңбек тұр. (М.Мағауин «Мен»)
Достарыңызбен бөлісу: