115
желікпен бұзықтықпен ісі жоқ Ол бұзылған адамдарға сенеді жабықса тарықса
құдай жеткізер деп жұбаныш қылады Қысқасы ол тірі пендеге зәбірі жоқ құдай
деген қоңыр адам Оның алданышы азбыншы ораза ашары оның қуаты
қуанышы үш-төрт қарғасы үшеуі еркек бірі әйел бала Жасынан қалың беріп
жыл сайын аз-аздан малынан құтылып тұңғышының аяғын шырмады Қызын
аман-есенінде құтты жеріне қондырды Қартқожа болса сабақ оқып жүр
Кенжеқара әлі бесікте
Қартқожаның шешесі де бір түрлі момын біртоға жан Күйбеңдеп шаруасын
істеп балаларының үсті-басын бүтіндеп анаған да мынаған да Қарағым
шырағым дегеннен басқа бар дәмін кісіге бергеннен басқа бөтен мінезі жоқ Кей
қатын аузы сүйреңдеп өсек айтады енді біреулер ауылды басына көтеріп
шаңқылдап баласын байын қарғап жатады Ондайдың бірімен ісі бола ма екен
Жо-жо-жоқ Қайта ондайды естігенде Беу осы байғұстың тілінің жаманы-ай деп
тыжырынып жаратпайтын еді (Ж.Аймауытов «Қартқожа»)
Достарыңызбен бөлісу: