116
Міне, сонда тазалық!
Қандай болар тазалық,
Енді соны жазалық.
Киім таза болғанмен,
Жүректе болмай арамдық,
Қоғамға қол сұқпаса –
Міне, сонда тазалық!
Шын тазалық – жүректе,
Шын сұлулық – еңбекте.
Көптің малын ұрлама.
Ынтымақты болсаңдар,
Сырттан жау кеп алар ма!
Досыңа да адал бол,
Сезімін сатып пұлдама –
Міне, сонда тазалық!
Ескі әдетті тастаңдар,
Жаңа жолға бастаңдар –
Міне, сонда тазалық!
Қоғам мүлкін қорғаңдар,
Сенімді бол бар жанға.
Адал болса жүрегің –
Жұрт ілеспей қалар ма!
Жауыңа да әділ бол –
Міне, сонда тазалық. (К.Әзірбаев)
235-жаттығу. Мәтінді оқып, тыныс белгілерін қойыңыздар.
Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім
Ноғайлының ханы Әз Жәнібек халықты жиып
Үш арсыз үш ғайып үш жетім болады соны кім табады депті Жиылған
халық көп дағдарып
Үш арсыз ұйқы арсыз күлкі арсыз тамақ арсыз Үш ғайып қонақ ғайып
несібе ғайып ажал ғайып деп шешіпті Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты
Сонда Әз Жәнібек хан
Елде келмеген кім қалды деп сұрапты
Келмеген Қарабас шешен қалды депті халық Әз Жәнібек Қарабасты
шақыртып алып әлгі сөздің шешуін сұрапты Сонда Қарабас
Жетім үшеу емес бесеу еді ғой
Оты жоқ жер жетім
Басшысы жоқ ел жетім
Елінен ауған ер жетім
Тыңдаушысыз сөз жетім
Жоқтаушысыз қыз жетім дейді Сонда Әз Жәнібек
Сенің атыңды қоюшы адам ақылсыз екен Қарабас дегенше Алтынбас десе
болмай ма деген екен (Шешендік сөздер)
Достарыңызбен бөлісу: