Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
дүние құрылымының негіздерін ашуға тырысты. Жалпы алғанда
философиядағы адам мәселесі көп түрлі мәңгілік мәселе десек,
Жалайыр соны бізге тағы да айқындап берді.
Адам феноменін Жалайыр табиғат пен тарих мүмкіндіктерінің
өзіндік өлшемі, материалды дүниенің көптүрлі формасындағы
дамудың үлгісі ретінде қарастырды. Және жалпы ұлттық дәрежеге
жеткізуге көп күш салды.
Сонымен қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес
із қалдырған тұлға Жалайыр есімін үлкен мақтанышпен еске аламыз.
Өйткені ол қалдырған мұра өзіндік құндылығымен ерекше сипатқа
ие. Тарихшылығы мен ойшылық таным қатар ұштасқан Жалайыр
бабамыздың туындысын алып қарасақ олардан адамгершілік асыл
қасиеттерді, халықтық өр рухты, жаңа сарынды анық байқауға
болады. Өзінің мағыналы өмірінің бүкіл тынысын тап басып жеткізе
білген Жалайыр өз қоғамындағы оқу, білімнің тапшылығына
қарамастан осыншама өнері биіктеп бой көрсете білген ойшыл.
Қадырғали Жалайырдың тарих философиясы туралы ойлары
халқымыздың прогресшіл ой-пікірінің қалыптасу шежіресіндегі ең
бір жемісті арналардың, кәусар бастаулардың бірі екендігінде ешбір
күмән жоқ.
Қазақ ойлау тарихындағы Қ. Жалайыр орны туралы Кез келген халықтың философия тарихы сол бір халықтың өмір
тіршілігінің айнасы іспетті. Қазақ халқының философиялық ойының
дамуы да еліміздің сан қилы тағдыр кешкен тарихына тікелей
байланысты. Философиялық терең мағыналы, ойлы жырлары
өмір сырының әр қиларын, бақтың, тақтың, дәулеттің, тіршіліктің
өркендеп өсу, өну сияқты заңдылықтар сыры, елдің қайратының
тұтқасы халықта, оның бірлігінде екенін көрсетеді. Яғни ұлағатгы
ойшылдардың дүниеге, табиғатқа, адамға деген көзқарастарының
қай-қайсысын алсаңыз да – бәрі де белгілі тарихи, әлеуметтік жағдайға
байланысты туындайтынын көреміз. Философия тарихы ең алдымен
әрбір ұлттың, халықтың рухани мәдениетімен тікелей байланысты
екенін ұстағанымыз абзал. Өйткені әрбір ойшыл, ғұлама, философ
өз ұлтының, халқының перзенті. Оның шығармалары халқының
ұлттық ойлауымен, тілімен, әдет-ғұрпымен, әдебиетімен, өнерімен,
жалпы мәдени өсу дәрежесімен тығыз байланысты болады.
Экономикалық, мәдени және рухани даму барысында ғұндар,
үйсіндер және қандылар дүниетанымдық түсініктерінің өзара
байланысы нығая түсті. Олар алғашқыда әр алуан еді. Өйткені,