Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет100/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
пайда болады. Ол адамдарға өз кезінде жол бермеңдер, яғни талап 
(билік) алып кетпегей. Және атын, малын және туар қараларына 
(жылқыларына) жағдай таба алмасын. Аттарын семіртіп міне 
алмасын, қалжырап ондай аттар, терісі қатып өлгей.
Мұндай қауым тәртіпсіз еді. Оларда еркіндік, тыныштық, достық 
жақсы жағдай жоқ еді» [2, 77 б]. Осындай қағидалардан көрінетін 
тұжырым – нормалар мен салттар, адамдар құлқының қалыптары 
мен қасиеттері сипатталған, қоғамның өзара байланысты жалпылық 
мәнге ие болған рухани күйі сараланған. Бұлардан қазақ қоғамының 
XVI ғасырдағы игіліктерінен сусындап, оның рухани жүйесін, 
ырымдарын, қатынас әдістерін, нышандардың жаңғыру қалыптарын 
түсінуге болады.
Шығыс ойшылдарына тән үйлесім Жалайыр ғибратында 
суреткершілік және ойшылдық, ғұламалық және дүниетанымдық 
қасиеттердің үйлесім табуынан, даналығының біртұтастығынан 
хабардар етеді. «Майсара, яғни әскердің сол қолы, моғолша жұңқар 
(жонғар) деп атайды. Олардың бастығы жалайыр Мұқалы-Гөйәң еді. 
Онан соң қаум бариннан Найа ноян болды. Алпыс екі мың кісі.
Мыңер Мұқалы-Гөйән. Ол жалайыр қауымынан еді. Және ол 
ұлы құрметті бек еді. Шыңғыс ханға көп күш берді. Мың, мың етіп 
даярлады. Үш мың еді жиынтығы. Шыңғыс хан (оны) кезінде Қараун 
Жиунге жіберді (жер аты), (ол), қытаймен шектесетін-ді. (Оның халқы 
оны Гөйәң атады, яғни ұлы, құрметті деген сөз. Онан соң Шыңғыс 
хан да Гөйәң деп аталатын. Кейбір оғландарын да Гөйәң деп атады. 
Хантун ноянды Қайду қамады, кенеттен Нумуғанмен басқа уәлаятқа 
кетті. Оның оғландары Жаккар және Амуқ соның нәсілінен» [2, 66 б.]. 
Бұл келтірілген үзіндіден байқайтынымыз, Жалайырдың ойынша 
әр адамның өз пікірін, еркін білдіретін мүмкіндігі болуы керек, 
одан жеке адамның бостандығы шығады. Соңғысы тек білімділікке 
негізделіп, оны жауыздыққа, бұзықтыққа, рухани кемтарлық пен 
зұлымдыққа қарсы күресу үшін қолдану қажет. Білікті, парасатты 
адамдарды сол кездегі қоғам өз дәрежесінде бағаламады, бұл дүниеде 
ашкөз надандар ұтады, олар пайдакүнемдік пен парасатқа, білімге, 
адам тағдырына, адамзаттық мұраттарға көз жұма қарайды. Бұдан 
құтылу үшін өмірдің бар салаларына білім нұрын сеуіп, қараңғы 
халықтың көзін ашып, оларды бұл дүниелік күйкі әрекеттерден 
серпілту керек.
Осыдан келіп Жалайырдың пайымдауынша бақыт пен қайы-
рымдылық ұғымы адам өмірінің мәні жайлы мәселеге тіреледі. 
Адам өмірі мәніне жету үшін дұрыс тәрбиеленуі керек. Табиғаттың 
таңғажайып көріністерін сипаттау, адамның албырт сезімдерін дәріп-


 
103


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет