Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет102/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
батырлық, көркемдік, адамгершілік өмір мәселелеріне арналған еді. 
«Ру, тайпа аттарының бәрі «Бажулеи хикматтарынан» нақылынан, 
яғни ислам тарихында мәлім болды. Сондай-ақ Израйл ұлдарының 
«Тәуратынан да» атты еврейлердің бес кітабынан белгілі» [2, 26 б.].
Осы тұрғыдан алғанда Қ.Жалайырдың замандасы десе болар-
лықтай Шалкиіз шығармашылығына тоқталсақ болады. Ол дүниеде 
тұрақты, мәңгілік ештеңе де жоқ дейді. Өмір қысқа екен, бұл жалған 
басы жұмыр пенденің бәрінен де өтеді, демек, осы аз ғұмырда дүние-
дегі бар қызықты тегіс көріп, думандатып өткізу керек деп, жырау өмір 
мен өлім мәселесі жайында философиялық толғаныстар жасайды.
Шалкиіз жырау «көп түкірсе – көл» деп елді ұйымшылдыққа, 
бірлікке шақырады. Оның пікірінше, көптің, елдің қолынан бәрі 
келеді. Ол жауға айбар, елге қорған дейді. Сондықтан да Шалкиіз 
жырау: «Жалғыздың жағы жоғалса табылмас, рулының оғы қалса 
табылар», «Жағаға дұшпан қолы тимеске, артында туысқанның 
көптігі», «Белуардан саз кешсең тобығыңнан келтірмейтін қамалаған 
қалың туғанның арқасы», – деп ағайынның, туғанның көп болғанын 
қалайды.
Шалкиіз жырау жамандық пен жақсылық жөнінде де айта келіп 
«көрінгеннің бәрі бірдей емес», «қырға шықпас жаманның барынан 
да жоғы жақсы», – деп, адам бойынан үлкен адамгершілік, игшік, 
тереңдік іздейді.
Халқымыздың ұлттық қасиеттерін, қонақ жайлылығын, үлкенді 
құрметтеу, кішіні сыйлау, әсіресе, от басының сыйлылығын, берекесін 
дәріптейді. Осы мәселеге Мұхаммед Хайдар Дулатида көп мән 
берген. Ал, Асан Қайғының халық жадында сақталып, айтылып келе 
жатқан «Жерұйықты іздеуі» кейбір ғалымдардың айтқандарындай 
«утопиялық шығарма» емес. Қазақ мемлекетінің тұңғыш рет тарих 
сахнасында шығуымен тікелей байланысты туған шығарма.
Алғашында қазақ хандығының аумағы батыс Жетісу жері, Шу 
өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Ежелден осы алқапты мекендеген 
ұлы жүз тайпалары Дешті-Қыпшақтан қоныс аударған қазақ 
тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы 
аласапыран соғыс салдарынан қанжілік болған қазақ халқы оны» 
қол астынан шығып, Қазақ хандығына келіп жатты. ХV ғ. елуінші 
жылдарынан жетпісінші жылдарға дейін Жетісуға екі жүз мың адам 
көшіп барды. Осыншама адамның қысқа мерзімде Жетісу өңіріне 
шоғырлануы кең өріс, қоныс керек етті, сондықтан хандықтың алдында 
үлкен тарихи міндеттер қойылды. Асан Қайғының «Жерұйықты 
іздеу» немесе жер-суларға берген сындарында осы орайдағы негізгі 
идеялар көрініс тапқан.


 
105


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет