Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет108/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
жылы оңгүстік аймағы, «сарғая күткен қалыңдық», тағы да басқа 
көптеген ұғым атаулары тек қана тікелей өндірістік қатынастардың 
ықпалымен ғана емес, қоғамдық мәдениеттің болуымен, яғни белгілі 
бір тіршілік салтының әсерімен туындады.
Қазақтың болмыс шындығына, бақыланушы және қабылдану-
шы әлемге жақындығы, бұл болмысқа етенелігі уақытты, кеңістікті 
адамның ішкі әлемін, тіршіліктің басқа әлемін, болмыс мәнін, ар-
ұждан бастауларын түсінулерінен көрініс тапты. Мұның барлығы 
дүниенің негізі шындық – түптамырға ие, осыдан келіп басқа ешбір 
әлем түсінігіне ұқсамайтын әлемнің ұлттық образы, дүниетанымы 
туындайды деген қағидаға келіп саяды.
Ұғымдар жүйесінің қалыптасып дамуы ой кешудің сезімдік-
деректік нұсқасынан арылу барысында жүзеге асады. Себебі, заттар 
мен құбылыстардың өзара қатынастарын, байланыстары мен жалпы 
қасиеттерін көзбен көріп, қолмен ұстауға болмайтындықтан тек ақыл 
қуатымен тұшыну, пайымдау арқылы ғана танып білуге болады. 
Жалпы ұғымдар жүйесінің қатары неғұрлым көбейіп, олардың 
таным ауқымдылығының барынша кеңеюі табиғат сырларынан 
адамды алшақтата беретін сияқты пікір туғызады. Ал шын мәнісінде, 
ұғымдар байлығы адамдарды әлемнің тылсым сырын танып біліп
табиғат күштерін игеруге жақындата түседі. Сондықтан да тіл 
байлығы оның лексикалық қалыптасу барысы арқылы бағаланады.
Қауымдық құрылыстың адамдары айнала қоршаған ортаны 
жалпылама пайымдайтын. Заттар мен құбылыстардың физикалық, 
химиялық қасиеттерін зерттейтін шамасы болса да жоқ еді. Сондық-
тан да олар табиғатты балауса көңілмен риясыз қабылдайтын, әлемге 
шаттана қарайтын, жер-ананың аңғал да сезімтал төл перзенттері 
болатын. Өйткені ол заманда адамзат бейкүнә, сәби тақілеттес еді. 
Бұл аталмыш қасиеттерден сайын далада мыңғырған мал өсірген, 
жаз жайлауын, қыс қыстауын жайлап, рулық-тайпалық құрылымға 
негізделген қауымдастық өмірге сәйкес өзіндік әпсаналық ой кешу 
үрдістері қалыптасқан қазақтар да кенде болмаған.
Солардың біреуі және бірегейі Мұхаммед Хайдар Дулати 
бабамыздан отыз жылдай уақыт кейін дүниеге келген Қадырғали 
Жалайыр еді. Оның «Шежірелер жинағы» Орталық Азияның ХVІ 
ғасырдағы ересен тарихи ескерткіші ретінде бағалануы заңды. Жан-
жақты деректерге бай, шын мағнада өз заманының энциклопедиялық 
шығармасына айналған.
Ал, Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» шығармасына 
негізінен ХІV–ХVІ ғасырлар аралығындағы Шағатай ұлысының шығыс 
бөлігін немесе Моғолстанды, ол сол кезде Сырдария, Сарысу, Балқаш, 


 
111


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет