Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет182/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Қытай мемлекеттерінің орнықты дамуына қарасақ та жеткілікті. 
Мемлекеттілігімізді нығайтуда ұлттық сана архетиптерін жаңғырту-
дың тигізер үлесін де ескерген жөн. 
Әлеуметтік өмірдегі келеңсіз іс-әрекеттер қазіргі кезде біздің 
қоғамымызда белең алып отырған жағдайлар. Бұл әсіресе жаһан-
данудың қарқын алуымен ушыға түсетін құбылыстар. Осыған орай 
адамның рухани жетіліуінің тетіктерін іске қосу қажеттілігі туындап 
отыр. Қазақ болмысы әрқашан әлмисақтан бері кісілікті, әділеттілік-
ті, ізгілікті басты бағдар еткен. Қазіргі экономикалық прагматизм 
шексіз байлыққа ұмтылысты арттырып отырғаны бәрімізге аян. 
Кезінде Әлихан Бөкейханов айтып кеткендей: «Би әділ болмай жұрт 
оңбақ емес. Қайда ілгері басқан жұртқа қарасақ, биі әділ. Закон жұрт 
болып, мемлекет болып жасаған жұрттың бәріне бірдей ноқта. Бұл 
ноқта рәсімге сүйенсе, рәсімнен жұрт тартынбайды, закон жұртқа 
жайлы саулап жүріп тұрады, жұрт қашан болса да рәсімге құл. Әділ 
би құдайдан басқа адамнан қорықпаса болды. Әділ билік рәсімге 
сүйенсе орнына келеді. Англия биін жұрт сыйлайды, атақты билер 
оқу оқитын медресені бітірген, жасы толған, ғұмырында қылған 
ісінде кірі жоқ кісіні би сайлауын ешкім бекітпейді һәм бұл би 
ешкімнен мақтау, шен алмайды, сот тергемей орнынан түспейді. 
Қызметіне алатын хақысы министрлер алатын хақыдан кем емес. Би 
алдында патшаның соқа басынан басқа бар адам құрдас. Англияда 
би болмақ зор дәреже, жұрт көзіне зор құрмет. Міне, Англия 
билігіне қарасақ, бұлардың әділдігі жазып шығарған закон емес, 
жұрт рәсімі арқылы болған. Қазақ орысқа қараған соң бәйге аттай, 
жақсы жорғадай туысынан болатын шешен озған би жоғалды. 
Кім орысқа жағымтал болса, сол жұртты бір қамшымен айдайтын 
болды. Бұрынғы жүйірік шешен билерден келе жатқан әз, әділ билік 
жорасы жаман қарапайым тұғыр би парасына аяқ асты болды. Пара 
беріп ақты қара, қараны ақ қылатын күн туды» [8, 167–168 бб.] – деп 
жазған еді. Алаш көшбасшысы қазақ арасында билік құру өнерінің 
тамаша үлгісі болғандығын сөз еткенде, билер әділеттілігін мақсат 
тұтты. Өйткені дәстүрлі билер билік құрған кезде қазақ ортасында 
«пара беру» деген ұғым болмаған. Қазақты орыс судьясына қаратуды 
да, шариғатқа қаратуды да жақтап қол қоймаймыз дегені, қазақта 
өзінің қалыптасқан әдет-құқығы мен билер институтының үлгісі бар 
екендігіне сүйенген еді. Үлгілі жұрттардың үздік, озық жақтарынан 
үйренуге шақырды. Алдыңғы қатарлы дамыған ұлттардың ел билеу 
өнері жайында талдаулар жүргізе келе, қазақта да өзіміздің дәстүрлі 
билеріміз салған жолдың болғанын, соны орынды пайдалана білу 
керектігін ескерткен болатын. Өзіміздің төл мұраларымызды 


 
185


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет