III тарау. Қазақтың халық философиясының дүниетанымдық ерекшеліктері жаңғыртып, саралап, бүгінгі күннің кәдесіне жаратсақ одан ұтпасақ,
ұтылмаймыз. Ұлттың рухани мұраларын жаңғырта отырып асыл
мұраларды, жәдігерлерді, тарихи тәжірибелерді жинақтап қазіргі
кезеңнің игілігіне жұмсауға мол мүмкіндіктер бар. Билік құру қазақ
қоғамында жазалаушы ғана орган болған жоқ, ол тәрбиелеушілік
қызметін де қоса атқарды. Билік құру, төрелік айту, қазылық етудің
туы «әділдік», көздегені «ақиқатқа» жету. Әрбір қолына билік тиген
азамат үшін халық мүддесін жеке бас мүддесінен жоғары қою қажет.
Орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой да, әлеуметтік мәселелерді
шешеуде адамның адамгершілігін жетілдіруден бастап, тәрбиелеу
мен рухани кемелдікке мылтықтың қажеті жоқ деген болатын.
Халқымыздың рухани-мәдени жетістіктерін саралап қазіргі
кездегі қабылданып жатқан Заң жобаларын қабылдарда пайдалану
өзіміздің түп-тамырымыздан нәрленуге ықпал етер еді. Шоқан
Уәлихановта қазақ сахарасында реформаларды қабылдау кезінде
жергілікті жағдайларды ескеру керектігін баса көрсеткен болатын.
Дана билеріміздің салып кеткен жолынан үлгі алуды ұсынды. Ұлы
ағартушы-ғалым азаматтық заңдарымызды жасауда, би сайлауында
қалыптасқан дәстүрлерімізді қайта жаңғыртуды армандап кеткен
еді. Қазақ хандығы тұсындағы билер институты тек ел ішіндегі
мәселелерді реттеп қоймай, сыртқы саяси қатынастарға да араласты.
Билердің мәмлегерлік міндетті де атқарғандығы тарихтан белгілі.
Көрші мемлекеттермен болған келіссөздер жүргізуде тамаша
табыстарға жеткен Қаз дауысты Қазбек би туралы аңыз әлі күнге
мәмлегерлік ойдың шыңы болып есептеледі. Сондықтан жеке
адам еркіндігінің әлеуметтік азаттық мәселесіне қарай сөзсіз
ойысатындығын бағамдай аламыз. Немесе, адамның ішкі еркіндігі
сыртқы әлеуметтік еркіндіксіз түк те емес екендігі түсінікті жайт.
Хандық кезеңде қоғамының саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани
мәселелерінің негізін шешетін мемлекеттің тиісті органдары
құрылды. Соның бірі – ханның жанындағы кеңес. Хандық қоғамның
саяси құрылысын басқару принциптері сан ғасырлар бойы ата-
бабаларымыз салып кеткен айқын-ақиқат жолмен жүріп, хан кеңес-
шілері – сұлтандар, билер, данагөй қариялар, батырлар жиналған
алқалы жиындарда іске асырылып отырған. Бұдан Қазақ хандығында
демократиялық үрдістердің басымдық танытқанын бағамдауға
болады. Заманауи Парламентке пара-пар келсе, асып түсетін алқалы
кеңестің мүшелері жайында Үмбетей жырау былай деп толғайды:
Аруағыңа болысқан, Әділ билік қылысқан.