Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет184/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Қашпаған қандай ұрыстан – 
Керейде батыр Жәнібек,
Қаз дауысты Қазыбек,
Қу дауысты Құттыбай,
Қара керей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгембай – 
Абылай сенің тұсыңда,
Сол бесеуі болыпты-ай.
Кейі батыр, кейі би,
Тәңірім берген сондай си [8, 29, 77–78 бб.].
Қабанбай, Бөгембай, Жәнібек сынды батыр бабаларымыз жау-
ды білек күші мен ер жүректілігімен тойтарса, Төле би, Әйткеке 
би, Қазыбек билер мәмлегерлік өнердің майталмандары мемлекет-
аралық мәселелерді жанжалсыз бейбіт жолмен реттеп отырған. 
Жаугершілік кезеңде қазақтың қоғамдық-саяси ойында 
бірнеше ағымдар қатар өмір сүрді. Жоңғар шапқыншылығынан 
әбден әлсіреген, одан қалса Шығыстан бір дұшпан, іргеден 
екіншісі анталап тұрғанда үш жүзге бөлініп келген осы жұрттың 
алдында қай жолды таңдаса, қай пікірді қолдаса, кімнің соңынан 
ерсе тығырықтан шығамыз деген мәселе тұрды. Ең бастысы елдің 
тұтастығы мен тәуелсіздігін сақтап қалу қажеттілігі туындады. 
Әбілхайыр хан кіші жүздің ру басыларымен ақылдаса келе Ресеймен 
бірігіп, әскери Одақ құрып, қалмақтардан қорғану жөн деп байлам 
жасайды. Төле би бастаған Ұлы жүз, Қазыбек би бастаған Орта жүз 
ақсақалдары да Ресеймен Одақ болуды қалайды. Хандық кезеңнің 
әлеуметтік-философиялық ой қазыналары бір-бірімен осылайша 
толықтырылып біртұтастанған идеяға айналды. Қазақ ұлтының 
бостандығы мен еркіндігін қамтамасыз етуде Қазақ хандығы тәуелсіз 
мемлекеттіліктің үлгісі бола алды. 
Билер шығармашылығы мен ақын-жыраулар шығармашылы-
ғының айырмашылығына тоқталар болсақ, жыраулар мен ақындар 
күнделікті өмірдегі адамдардың іс-тәжірибесін қорытындылай 
отырып, даналықты қолданып шығармашылығын жасайды. Ал 
билер шығармашылығының өзіне ғана тән ерекшелігі табан астында, 
дәл сол мәселені шешу үстінде қауым алдында кезек күтіп тұрған 
түйінді шешіп төрелік етуі арқылы туындап отырады. Далалық 
демократиялық ой билер институты арқылы жүзеге асырылып, 
билер шығармашылығында жариялылық, сөз бостандығы сияқты 
құндылықтар көрініс тапты. Қазақ билерінің үкімдері мен кесімдеріне 
ханның да жарлығы жүрмеген. «Билер кеңесі», «ақсақалдар мәжілісі» 


 
187


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет