Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет188/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
біле алмай, қиялдайтын, соны арман етіп жүретін адамгершілік 
мұраттардың бірі. Осы «бақыт» ұғымын Төле би:
Ел билеген ер жігіт,
Сыйласа халқы құрметтеп,
Басына бақыт қонғаны [10, 57–58 бб.] 
– деп бір түйіндеп қояды. Нағыз бақытқа жету билік тізгіні 
ұстау ғана емес, халықтың ризашылығына бөлену болып табылады. 
Халықтың сый-құрметіне ие болу дегеніңіз оңай емес. Ойшылдың 
бақыт туралы түсінігі бұл жерде ел көшбасшысының бақыты 
халқының мүддесімен астасып біртұтастануына меңзейді. Халық пен 
ханның тұтас бақытқа жетуін айтып отыр. 
Төле би түсінігіндегі «бақыт» ұғымының тағы бір қыры қоғамдағы 
әйелдің орнымен анықталады. Жалпы көшпелі қазақ қоғамында әйел 
затын, қыз баланы өте қадірлеген, аялаған. Он үшке толғанша «қонақ 
бала» деп олардың күтіміне ерекше қарап, өте еркін етіп өсіреді. Бірақ 
бұл шексіз еркіндік емес. Бабаларымыздан: «Қызға қырық үйден 
тыйю» – деген сөз де қалаған. Бұл да жәй айтылған сөз емес. Оларды 
әсемдікке, сұлулыққа баули отырып, дарақылықтан, әдепсіздіктен 
тыйып отырған. Таза, пәк, ару күйінде болашақ жарына қосуға 
тырысқан. Қазақ жанұясында қыздың орны ерекше саналған. Қызды 
келген жері «бақ құсы», «бақыт құсына» теңеген. Ердің бақыты әйел 
деп есептеген. Әйел мен адалдықты теңестіреді. Қыз баланың, жалпы 
әйелдің тазалығына қазақ қоғамында ерекше көңіл бөлген. Әлбетте, 
қызды еркіне жібере отырып, оған жауапкершілікте жүктелген. 
Алғаның адал болмаса,
Басыңа бақыт қонбайды [10, 58 б.].
Ырыс та, бақыт та, қызыр да әйелде деп түйіндеген ойшыл бүкіл 
үш жүздің төбе биі бола тұра, болашақ келінін ел аралап жүріп 
байқай, барлай жүреді екен. Бұдан Төле бидің жанұяға рудың, 
мемлекеттің алтын діңгегі ретінде мән бергенін байқаймыз. Болашақ 
ұрпақтың тәрбиесіне баса назар аударған философ, олардың 
болашағының дұрыс қалыптасуы жанұядан басталатынын терең 
пайымдаған. Ер түздегі тірлікті тындырса, әйел үйдегі шаруаны 
жүргізген. Жалпы қазақ қоғамындағы жанұялық тәрбие мен ондағы 
тыныштықты әйелдер реттеп отырған. Әйел бойынан сұлулықты, 
пәктікті, тазалықты, әсемдікті іздеуіміз бекер емес. Жұбайлық 
өмірдегі әйел-ананы ерінің тағдырымен, оған жақын бала-шағасы, 


 
191


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет