Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет191/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
туған жоқ, туғанды биде – иман жоқ» деген нақыл сөзді қазақ босқа 
айтпаған. Әділеттілік орнату – имандылықпен шендеседі. 
Төле би елінің көкжиегін кеңейтуді, әлемге ашықтықты 
уағыздайды. 
Алдыңғы қатарлы дамыған елдермен араласып, олардың 
өнерінен үлгі алуға меңзейді: 
Көпшіл болған ер дана,
Достары болар әр сала.
Өнерліден үлгі алып,
Салдырар сәнді мол қала.
Өнерлімен дос болсаң,
Қиялыңды қозғайды.
Ой-өрісі тар жігіт ауылдан
Асып озбайды [10].
Бұл жолдардан ойшыл бабамыздың қазақтардың томаға 
тұйықталуын қаламағанын көруге болады. Отырықшы мәдениетке 
ұмытылуға үндейді. Ұлтының болашақтағы жарқын өмірін содан 
көргендей болады. Жабық қоғамнан ашықтыққа үндей отырып, басқа 
халықтармен араласуға шақырады. Прогресске жетудің бірден-бір 
көзі өнегелі жұрттармен араласа жүріп, жақсы жақтарынан үйрену 
керек деп түсінеді. 
Атақ, даңқ, мансап қуып соған жету жолында кез келген 
кедергілерді басып-жаншу адамды еліктіруші, адамшылықтан 
кетіруші нәрселер сияқты болып көрінеді. Алайда атақ та, даңқ та, 
мансап та адал еңбек, маңдай термен өз өзінен адамды өзі іздеп 
табатын кездері де болады. Онда олар нағыз атақты, даңққа бөленген, 
мансап иесі болады. Шексіз байлыққа кенелу мен атақ, даңққа елігу 
адам бойындағы құмарлықтардың ең қауіптісі дер едік. Өзінің әлі 
жетпейтін нәрселерге құмарланып, оңай жол іздеушілерді түйреп:
Мансапқұмар оңбаған
Сатып кетер жолдасты [10, 40 б.] – дейді. 
Шен құмарлықты кезінде Абайда түйреп, сынаған. «Бұл билік 
деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келе 
бермейді. Бұған бұрынғы Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның 
«Ескі жолын», Әз Тәуке ханның «Күл төбенің басында күнде кеңес» 
болғанда «Жеті жарғысын» білмек керек .... әрбір болыс елден 
толымды-білімді үш-ақ кісі билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе 


194 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет