Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет194/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
қастандықпен өлтіреді, сондағы төрелік айтуына зер салсақ: «Уай, 
Барақ! Елдің саулығын қашырып, қаскөйдің жаулығын бастадың 
сен. Бәрінен де бұрын сен адамзаттың өмірін ұрлап, өлімге орын 
босаттың. Ханыңды қарадай өлтірсең, халқыңды қынадай қырарсың. 
Жауыздықтың қақпасын ашсаң, қанын судай шашарсың. Ал енді 
еліңді ығыр қылғың келмесе, жүрегіңнің ізгілігі өлмесе, тесікті өзің 
бітеп, жараны өзің жазып ал. Өлген тірілмейді, өшкен жанбайды. 
Өлгеннің ісін жалғастырып, өшкеннің отын тұтатсаң өмір азбайды, 
шырақ қайта маздайды [12, 100 б.]. Бұндай үкім тек қана ізгі 
жүректен шығады. Өмірге келтіру, өлімді бұйыру Құдайдың ісі. 
Өлім мен өмір мәселесі қазақ арасында мәңгіліктің философиялық 
астарларына жол тартқандығының айғағы. Бұдан билер қазылығы 
қазақ философиялық ойының бір тармағы ретінде ерекше даналық 
түрінде дамығандығын бағамдаймыз. Қазақтарға ғана тән болған 
өзіндік төрелік айту өнеріне келетін болсақ, олардың шексіз билік 
құрғандығын көреміз. Би Барақ сұлтанға ешқандай жаза қолданбай 
тұр. Жазаға үкім шығаруды күнәлінің мойнына артады. Ой салады, 
арға жүгіндіреді. Адамзаттың бәріне ортақ осындай мәндегі 
философиялық мәселелерді риторикалық тұрғыдан мәмлеге 
шақыра отырып, шешуін ханның өзіне жүктейді. Адам өз күнәсін 
мойындап қана қоймау керек. Одан арылуы қажет. Билер түсінігінде 
күнәдан арылу жолы – жүрек арқылы болады. Ал жүректің қақпасын 
тек қана ізігіліктерге ашып, оған мейірім, шапағат, қайырымдылық, 
имандылықты ұялату керектігіне меңзейді. Адам табиғаты өте күрделі 
құбылыс. Қазақ мақалы: «Ашу – дұшпан, ақыл – дос» – дегенде, адам 
бойындағы жаман қылықтардан арылу үшін ең бастысы сабыр сақтау 
керектігін тұспалдаған. Билер шығармашылығы арқылы адам еркін 
ізгілікті істерге жұмсауға бағыттайды. Руханилықтың ең жетілген түрі 
дүниеге қатынастың терең мән-мағыналық сатыға көтерілуі дейтін 
болсақ, Қазыбек бидің өмірлік ұстанымдарын осы деңгейге жатқызар 
едік. Ақыл таразысынан өтіп, адамның ар-ожданы алдында есеп 
беруі арқылы адамға үлкен жауапкершілікті жүктеп тұр. Бұл жерде 
қаншама ғибратты үлгі аларлық, жамандыққа тоқтау, жақсылыққа 
жол ашудың көздері бар. 
Билік өнерінің сахара жұртының әдет-ғұрпы мен салт-санасында 
ғасырлар бойы қалыптасып өзінің міндетін атқарғандығына зерт-
теушілер арнайы тоқталған. Адам бойындағы шайтани күштер 
билейтін күншілдік, қызғаншақтық, іштарлық сияқты кесірлерден 
арылудың жолдарын билеріміз өз шығармашылықтары арқылы 
көрсете білді. Осындай келеңсіздіктерге жол бермеуге ықпал 
ететін кешірімшілдік, жамандыққа жақсылық жасау сияқты оңды 


 
197


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет