Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
10 Рысқалиев Т.Х. Даналық пен түсініктің үлгілері (философия тарихына
шолу). – Алматы: Ақыл кітабы, 1999. – 240 б.
11 Билер сөздері /құрастырған Т. Кәкішев/. – Алматы: Қазақ
университеті, 1992. – 160 б.
12 Казахские пословицы и поговорки: Изреченье – речи украшенье. –
Алма-Ата: Жазушы, 1987. – 88 с.
13 Алтынсарин Ы. Таңдамалы. Шығармалары (құрастырған Б.С.
Сүлейменов). – Алматы, 1955. – 385 б.
14 Алтынсарин Ы. Алғы сөз. Таңдамалы шығармалары. – Алматы:
Ғылым, 1994. – 288 б.
15 Әуезов М. 20 томдық шығарамалар жинағы. 19 том. – Алматы, 1985. – 305 б.
3.4 Адамгершілік мәселесінің қазақ хандығы дәуіріндегі ойшылдар дүниетанымында алатын орны Өнер алды қызыл тілдің кие қадірін білген халықтың тіршілік
тынысы, жан ізденісі мен имандылық құндылықтары көңіл-күй
тебіренісі, ар-ождан үні мен арман-тілегі осы халықтың сөзін ұстаған
ердің аузымен айтылады. Ел шерін тербеп, мұңын қозғар, көкейіндегі
ойын тауып, сөз сарасы өлең жолдарымен өрнектер ер данасы, ол ел
қамын сөз жүзінде айтып қоймайды, өмірінің мәніне айналдырады.
Сөзіне ісі сай батыр ұлдары ел мүддесін ел басына күн туған
сәттерде найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғай білген. Олар
сөзді кәсіп етпеген, сөз – ер намысы мен елдік мұрат тұтастығының
нақты көрінісін бейнелеген. Бодандық бұғауындағы ұлт пен ұлысты
елдің қайғы шері мен мұң-зары, азаттықты аңсаған ұлы арманы ел
қамқоры ердің көкейінен жыр болып ақтарыла төгілген.
Рухани мұраларымызды зерттеп игерудің өзі мемлекеттің
тәуелсіз дамуымен ұласа келген мүмкіндік. Осы рухани бастаула-
рымыздың тағлым-ғибратымен сусындап қана шын мағынасындағы
егемендікке, тәуелсіздіктің баяндылығына қол жетерін айтсақ, осы
екі егіз құндылықтардың ажырамас бірлігі мен маңызы көрінеді.
Рухани егемендіктің үлгісін, яғни адамның рухани кемелдігінің
– инсанияттың кәмәләттігінің үлгісін жеке тұлғалар, халқының
қалаулылары, хақтың сүйген құлдары жүзеге асырған.
Ахмет Байтұрсынов «Елде жоқ рух ақын сөзінде болмайды»
деген екен. Демек, ақын сөзі өз күнінің өзекті мәселесін көтеріп
қана қоймай, өткенді бүгінмен жалғастырар жанды байланыс
түзіп, құнын жоймайтын әр таңда жаңа қырынан көрінгенмен,
түбегейлі мәні арта түсетін ер және ел тағдырымен тамырлас
мұрат, мүдделерді, құндылықтарды паш етеді. Елдің мемлекеттік
тәуелсіздігі егемендіктің негізгі мағынасы болса, оның мәні қоғамның